Қытаймен шекарада жаңа өткізу пункті ашылады
Сурет көрнекілік үшін
Алматы облысындағы Нарынқол ауылының маңында Қытаймен мемлекеттік шекара арқылы жаңа жаяу жүргіншілер өткізу бекетін ашу жоспарлануда, деп хабарлайды Orda.kz.
«Қытаймен визасыз режимді тиімді пайдалану және туристерді көбірек тарту үшін Нарынқолда жаяу жүргіншілер өткізу бекетін және жаңа туристік бағыттарды ашу жоспарлануда», - деді аймақ басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Әкім республикалық туристік картаға енгізілген әрбір оныншы нысан Алматы облысында орналасқанын қосты.
Еске сала кетейік, 10 қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім күшіне енді.
Азаматтардың екі мемлекеттің аумағында болу мерзімі мемлекеттік шекараны кесіп өткен сәттен бастап күнтізбелік 30 күн, ал 180 күнтізбелік күн ішінде барлығы 90 күнтізбелік күннен аспауы керек.
Егер азаматтарға 30 күннен астам тұру қажет болса, олар алдын ала тиісті санаттағы кіру визасын алуы керек. Визасыз режим жұмыс істеу, оқу немесе миссионерлік қызметпен айналысу құқығын бермейді.
Жаңалықтар
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады
- Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
- Шымкентте ЖОО-ның 320 миллионын жымқырған сегіз адам сотталды
- Алаяқтар қасиетті сапарға да қол сұғып, 17 қажының ақшасын қалтаға басқан
- «Әскер барысы – 2026» турнирінің жеңімпазы анықталды
- Жолда қарсы келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан саспай өткен ақтөбелік ғаламтор жұлдызына айналды
- Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді