Қытайдың оңтүстігінде су тасқыны салдарынан 110 мың адам эвакуацияланды
Фото: VCG
Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында толассыз жауған жаңбыр салдарынан үш қаланы су басып, 110 мың тұрғын эвакуацияланды, төрт адам қаза тапты, тағы 10 адам із-түзсіз жоғалды.
Бұл туралы BBC хабарлайды.
Синьхуа мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 36 үй қирап, тағы 48 үй қатты зардап шеккен. Біршама аумақтар мен көшелер су астында қалды, көпірлер құлады.
Су тасқынынан провинция астанасы Гуанчжоу, сондай-ақ Шаогуань және Хэюань қалалары қатты зардап шекті. Гуанчжоу халықаралық әуежайындағы рейстер тоқтатылды. Үш қалада барлық мектептер жабылды.
Билік провинцияның солтүстігіндегі өзен деңгейі «100 жылда бір рет келетін» ауқымға жетуі мүмкін деп болжайды.
Су тасқынынан келген жалпы шығын 140 миллион юаньнан (19 миллион доллар) асады.
Жаңалықтар
- Шерзат Полаттың өлімінен кейін қызметінен босатылған полицей Ақтөбеде жаңа қызметке тағайындалды
- ҚР СІМ: Қазақстан босқындардың жаппай ағылуына жол бермейді
- «Алдымда өмір бойы түрме күтіп тұр»: Атыраудағы төрт адамның өліміне қатысты сотта 70 миллион теңге талап етілді
- Қазақстанда медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге 33 млрд теңге бөлінді
- «Жағдайы жақсы отбасы»: Министр жұрт іздеген курьер әйел туралы пікір білдірді
- Тегіміз өмірге кедергі: Нұрқаділовтің немересі әкесі Қайраттың жұмыс таба алмай жүргенін жазды
- Президент дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қатысты бірқатар мәлімдеме жасады
- Астанада бір топ жасөспірім бес оқушыны соққыға жыққан
- Павлодарда 34 миллион теңгеге жөнделген көпір суға батты
- Прокуратура тағы бір «резеңке пәтерді» анықтады: Алматыда бір бөлмелі пәтерге 990 адам тіркелген
- Семейде 8 және 14 жастағы екі бала із-түзсіз жоғалып кетті
- Иран мұнайы қайтадан әлемдік нарыққа шығарыла бастады
- Депутат еліміздегі жер сілкінісі туралы халықты жедел ескерту үшін жасанды интеллект енгізуді ұсынды
- Өзбекстан құрамасы футболдан әлем чемпионатындағы дебюттік матчта Колумбиядан жеңілді
- АҚШ пен Иран арасындағы өзара түсіністік меморандумының ресми жобасы жарияланды
- Түрме ішінде қылмыстық топ құрып, ақша бопсалағандар жаза қосып алды
- Ақ жол, Дастан! — «Қайрат» Сәтбаевты «Челсиге» шығарып салды
- Ормуз бұғазы маңындағы Иран портында Қазақстанның өз алаңы болады
- «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы президентке 3,3 триллион теңгенің 16 жобасын жүзеге асыру жоспарланғанын айтты
- Әдептік кеңес БҚО-да мас болып қызметтік көлік жүргізген әкімді жұмыстан шығаруды ұсынды