Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті
Қазақстанға алғашқы медальді 48 келі салмақта финалға шыққан дзюдошы Абиба Әбужақынова жеңіп алды. Жартылай финалда оңтүстіккореялық Ли Хе Кёнды ұтты.
Sports Schrödinger хабарлауынша, дзюдодан бірінші күннің финалдық бөлімі сағат 14:00-де басталады. Абибаның финалдағы қарсыласы осы салмақта соңғы үш әлем чемпионы атанған жапондық Нацуми Цунода болмақ.
Сондай-ақ бүгін қазақстандық Мағжан Шамшадин (60 келі) жартылай финалда оңтүстіккореялық Ли Ха Римге есе жіберіп, енді қола үшін күреседі. Ширек финалда ұтылып, қайта кездесуде жеңіске жеткен Ғалия Тынбаева (52 келі) де қола жүлдені сарапқа салады.
Айта кетейік, қазақстандық спортшы Елена Потапенко Парижде өтетін Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алған болатын. Потапенко Ханчжоудағы Азия ойындарында заманауи бессайыс бойынша әйелдер арасындағы жеке жарыста 5-орынға ие болып, 2024 жылы Францияда өтетін Олимпиадаға лицензия алды.
Жаңалықтар
- Екі жыл бойы алимент төлемей, 4,7 млн теңге қарыз жинаған тұрғын жазаланды
- Тарихи сәт: Мәжіліс соңғы отырысын өткізді
- Қазақстан Иран портында жерді жалға алып, мұхитқа шығуды жоспарлап отыр
- Ұлттық футбол құрамасы Талғат Байсуфиновтың орнына жаңа бас бапкер іздеп жатыр
- Гүлнәр Бажкеноваға қатысты сот екінші шілдеде басталады
- Жер телімін алып беремін деп 33 адамды алдаған маман сотталды
- ҚР СІМ: Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді
- Астанада Ұлттық ұлан сарбазы Ербаян Мұхтардың денесі жер қойнына тапсырылды
- Қазақстандықтар енді БАӘ-де жүргізуші куәлігін оңай айырбастай алады
- Тоқаев Венесуэладағы жойқын жер сілкінісіне қатысты көңіл айту жеделхатын жолдады
- ӘЧ-2026: Түркия АҚШ-ты жеңді, бірақ плей-оффқа шыға алмайды
- Шымкентте ірі өрт: ТЖМ құтқарушылары тілсіз жауды ауыздықтады
- Венесуэлада болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 200-ден асты
- Қазақстан СІМ Таяу Шығысқа сапарлардан бас тартуға кеңес берді
- Футболдағы дау: Футболшы мен төреші матчтардан шеттетіліп, клубқа 400 АЕК айыппұл салынды
- Алматы – Қорғас тасжолындағы жантүршігерлік жол апаты: Тағы бір адам жан тапсырды
- Алматыда жер астынан шыққан өрт жұрттың зәресін алды: Полиция себебін айтты
- Пакқа қатысты үкімнен кейін кісі өлімі болған жол апаты үшін жазаны қатаңдатуды талап еткен петиция жарияланды
- «Желілік» жалған психологтар мен коучтар халықты арбай алмайды — Сенат заңды мақұлдады
- 1414 кодын айтқан ақтөбелік 4,5 млн теңгесінен айырылды