Қытай мен Ресей Айда ядролық электр станциясын орнатпақшы
Фото: © РИА жаңалықтары иллюстрациясы
Ресей Айда алғашқы ядролық электр станциясын орнатып, сондай-ақ МКС-ні алмастыратын жаңа орбиталық станция құруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл міндеттер Роскосмос үшін шешуші міндет болып отыр. Бұл туралы мемлекеттік корпорацияның бас директоры Дмитрий Баканов мәлімдеді. Оның сөздерін Роскосмостың Telegram-арнасы келтіреді.
Оның пікірінше, Жер серігіндегі ядролық электр станциясы болашақ ай базаларының іргетасына айналады.
«Сондай-ақ Венера планетасын ауқымды зерттеу жоспарланып отыр. Ресей - аппаратты осы планетаға қондыра алған жалғыз ел», - деп атап өтті Баканов.
Бұған дейін мұндай жоспарлар туралы Қытайда жарияланған болатын. Әңгіме халықаралық ғарыш станциясын энергиямен қоректендіру үшін Айға тікелей орнатылатын шағын АЭС туралы болып отыр.
Ресей мен Қытай бірлесіп Айда атом электр станциясын салуды жоспарлап отыр. Бұл АЭС Халықаралық ай зерттеу станциясының (ILRS) бір бөлігі болады және оны энергиямен қамтамасыз етеді. Құрылысты 2028 жылы роботтандырылған операциялардан бастау, ал станцияны 2035 жылға қарай пайдалануға беру жоспарлануда.
Қытай шенеуніктері бұған дейін ұсынған презентацияда Пекиннің Айдағы халықаралық ғарыш станциясын шағын АЭС арқылы қуаттандыру жоспары көрсетілді.
Naked Science мәліметінше, Шанхайда өткен презентацияда «Чанъэ-8» қытайлық роботтандырылған миссиясының бас инженері Пэй Чжао Юй Қытай Халық Республикасы 2030 жылдан кейін Айда салуды жоспарлап отырған базаның келбетін таныстырды.
Презентация материалдарына сәйкес, Қытай Ай базасында атомдық реактор қолдануды көздеп отыр. Айдағы жағдай шағын атом электр станциясын (АЭС) аса қажет етеді, өйткені Ай түні 14 күнге созылады, бұл күн энергиясын пайдалануға қиындық туғызады.
Бұдан да маңызды мәселе – тік беткейлерге көтерілу Жерде де қиын, ал Айда скафандр киіп жүруді қажет ететіндіктен, бұл одан да күрделене түседі.
Алайда, Айдағы ерекшеліктер АЭС жұмысына да кедергі келтіруі мүмкін. Атом электр станциясы үздіксіз жылу шығарады, ал оны қоршаған ортаға таратып отыру қажет.
Жерде бұл атмосфера арқылы жүзеге асады, алайда Айда атмосфера жоқ. Теория жүзінде радиатор арқылы жылу шығару мүмкін, бірақ Ай күнінде радиаторларды күн сәулесі қыздырып жіберетіндіктен бұл да күрделі мәселе.
Сондықтан бұл арманның бүгін-ертең іске аса қоймасы анық. Ол үшін ғалымдардың бас қатырып жұмыс істеуіне әлі біраз жыл кететіні белгілі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық