Қытай компаниясы Қазақстандағы кен орнын сатып алып рекордтық дивидендке қарық болды
Фото: RG Gold
Қытайлық Zijin Mining компаниясы Қазақстандағы үшінші ірі алтын өндіруші RG Gold компаниясына ие болып, рекордтық табыс тапты. Компания өз акционерлеріне 15,95 млрд юань көлемінде дивиденд төлейді, бұл шамамен 2,3 млрд доллар, деп хабарлайды Orda.kz.
Zijin Mining - ірі халықаралық тау-кен өнеркәсіптік корпорациясы. Олар мыс, алтын, мырыш, литий, күміс және молибден сияқты металдарды геологиялық барлаумен және өндірумен айналысады. Сондай-ақ ішкі зерттеулерді және тау-кен өнеркәсібі үшін шешімдер әзірлейді.
Еске салайық, 2025 жылдың қазанында Zijin Mining өз бөлімшесі Zijin Gold International арқылы Болат Өтемұратовтан Ақмола облысындағы «Райгородок» кен орнына иелік ететін RG Gold компаниясын 1 млрд долларға сатып алған болатын.
Айта кетерлігі «Райгородок» Zijin Gold International компаниясының жалғыз активі емес. Қазір аталған бөлімшенің табысы 80%-ға өсіп, 5,38 млрд долларға жетті. Таза пайда 233%-ға өсіп, 1,6 млрд доллар болды. Жалпы топ 46,9 тонна алтын өндірген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға көп.
Сараптамаға сүйенсек пайда өсіміне үш негізгі фактор әсер еткен:
- алтын бағасының өсуі;
- жаңа активтер (соның ішінде қазақстандық («Райгородок»);
- жұмыс істеп тұрған кен орындарының тиімділігі.
Қазақстандағы шетелдік актив өзін тез ақтап қана қоймай, пайда тауып жатыр. Толық емес бір жыл ішінде RG Gold бөлімі шамамен 190 млн доллар табыс және 120 млн доллар пайда әкеліпті. Бұл құнды жердің жаңа иесінің стандарттарға енді ғана бейімделіп жатқан кезеңіне қарамастан осындай жетістікке жеткен.
2025 жылы «Райгородокта» 1,2 тонна алтын өндіріліп, оның 1,3 тоннасы сатылған. Алтынның өзіндік құны шамамен унциясына 1249 доллар болады. Қытайлық инвесторлар өндірістің тиімділігін арттырып, бос жыныс қалдықтарын азайтып, алтын алу деңгейін көтеріп, техниканың жұмысын жақсартқан.
Онымен қоймай, 2026 жылы кен орнында алтын өндіру көлемі жылына 6,4 тоннаға дейін өседі деп күтілуде. Сонымен қатар, кен өңдеу көлемін 6 млн тоннадан 16 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспары да бар екен. Бұндай қуатпен кен орны жылына шамамен 11 тонна алтын бере алады.
Мәліметтерге сәйкес, «Райгородок» кен орнында шамамен 195 тонна алтын ресурсы және 84 тонна дәлелденген қор бар. Бұл шамамен 16 жыл қатарынан үздіксіз жұмыс істейтін өндіріс орны деген сөз. Ал қытайлықтарға берілген лицензия 2040 жылға дейін жарамды.
Компания сондай-ақ кен орнында қосымша геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.
2026 жылдың ақпанында бұрын Болат Өтемұратовқа тиесілі RG Gold Ақмола облысының Бурабай ауданындағы Шарық және Новоднепровское кен орындарында алтын өндіру, сондай-ақ тау-кен гидрометаллургиялық кешен салу жоспарларын жариялаған болатын.
Болат Өтемұратов Forbes нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмендер рейтингінде бірінші орында, сондай-ақ 3,7 млрд доллар байлығымен ең байлар тізімінде 6-орында. Кәсіпкер сонымен қатар ForteBank акцияларының 91,1%-ына иелік етеді.
Биылғы 20 наурызда Zijin Mining 2025 жылдың жылдық есебін жариялады. Компанияның негізгі операциялық көрсеткіштері тамаша нәтижелер көрсетіп, кірісі едәуір өскен. Жыл ішінде түсім 349,1 млрд юань болған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15% -ға артық, ал таза пайда 62% -ға ұлғайып, 51,8 млрд юаньға жеткен.
Ал RG Gold жаңа тау-кен металлургия кешенінде алғашқы алтынды 2022 жылы қазан айында алды. Ақмола облысындағы «Райгородок» кен орнын игеретін RG Gold алтын өндіру компаниясы сол кезде жылына 5 млн тоннаға дейін кен өңдеуге қабілетті жаңа тау-кен металлургия кешені ретінда таныстырылды.
Ал 2025 жылы Zijin Mining Group тау-кен компаниясының халықаралық алтын өндіруші бөлімшесі Zijin Gold International IPO аясында Гонконг қор биржасына бір данасы ($9,2) 71,59 Гонконг доллары бағасымен 349 млн-ға жуық акция орналастыру ниетін жариялады. Бұл туралы Bloomberg компания хабарламасына сілтеме жасай отырып жазды. Жалпы алғанда бұл 25 млрд Гонконг долларын ($3,2 млрд) тартады, бұл компанияны 2025 жылдың басынан бастап әлемдік нарықта ІРО бойынша екінші орынға көтерді.
Сол кезде Zijin Gold International тартылған қаражатты Қазақстандағы алтын кенішін сатып алу жөніндегі мәмілені жабуға, сондай-ақ бес жыл ішінде жұмыс істеп тұрған шахталарды жаңғыртуға және салуға жұмсайтынын мәлімдеді.
IPO қатысушылары арасында Сингапурдың GIC егеменді қоры, Hillhouse Investment, BlackRock, Fidelity International және Millennium Management инвестициялық қорлары бар.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Венесуэла президенті Николас Мадуро АҚШ түрмесінен үндеу жариялады
- ШҚО-да жолдағы бала өліміне қатысты жол-құрылысы ұйымының бас инженері сотталды
- Қытай компаниясы Қазақстандағы кен орнын сатып алып рекордтық дивидендке қарық болды
- Қайын жұртын түгелдей қырып тастаған күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
- Айыппұлға ашуланған екі жігіт көшедегі камераларды қиратқан
- АҚШ пен Еуропада миллиондаған адам Трампқа қарсы наразылыққа шықты
- Алматыда LRT құрылысы үшін 270 жер учаскесі алынады
- Алматы полициясы әйелдерін «сыйға тарта салатын» имамды жазалады
- Ұлыбританияға жұмысқа орналастырамын деп 80 адамның 40 миллион теңгесін қағып алған
- АҚШ Таяу Шығысқа 3 мыңнан астам теңіз жаяу әскерінің келгенін хабарлады
- Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан «астық дағдарысы» болуы мүмкін
- Көлік салығына байланысты кімдердің шоттары бұғатталады?
- ТЖМ Қазақстанның бірнеше өңірінің тұрғындарына ескерту жасады
- Трансгендерлердің Олимпиадаға қатысуына тыйым салынды
- «Жер сағаты» акциясы: Қазақстан бір сағатқа жарықты сөндіреді
- Алматы құрылыс бақылау басқармасы заңсыз лицензия таратқан: қылмыстық схема әшкере болды
- БАҚ: Украина әскери қимылдарға арналған қаражат тапшылығына ұшырады
- «Халық заңгері»: дипфейктер Қаржылық мониторинг агенттігіне де қол салды
- Түркістан облысында сталкинг бойынша алты іс сотқа жолданды
- Ресейдегі жаппай төбелеске қатысқан қазақстандықтардың жағдайы туралы СІМ мәлімдеді