Қытай-Қазақстан арасында визасыз режим енгізілді: қазақстандықтар нені білуі керек
Желіден алынды
Қазақстандықтар үшін Қытаймен визасыз режим жұмыс істей бастады. 10 қарашада визалық талаптардан өзара босату туралы келісім күшіне енді.
Қазақстандықтар ҚХР-ға шекарадан өткен сәттен бастап 30 күннен аспайтын кезеңге алты ай ішінде жиынтығы 90 күн ішінде кіре алады.
«Тараптардың бірі мемлекетінің азаматтары екінші Тарап мемлекетінің аумағы арқылы кіру, шығу, транзит үшін жеке істерді, туризмді, емдеуді, халықаралық тасымалдарды, транзитті, сондай-ақ іскерлік мақсаттарды (келісімшарт жасасу, келіссөз жүргізу, консультациялық қызмет көрсету және басқа да іскерлік негізде) жүзеге асыру мақсатында визалық талаптардан босатылады. Егер жарамды жол жүру құжат иелері кіруге, кетуге немесе транзитпен жүруге ниет білдірсе, алайда сапардың мақсаты немесе мерзімдері келісімге сәйкес келмесе, онда олар кірер алдында тиісті виза алуға жүгінуі тиіс» делінген СІМ хабарламасында.
Азаматтар 30 күннен артық болу қажет болған жағдайда тиісті санаттағы кіру визасын алдын ала ресімдеуі қажет. Визасыз режим жұмысқа орналасуға, оқуға және миссионерлік қызметке құқық бермейді.
«Визасыз режим жұмыс істеуге, оқуға және миссионерлік қызметке құқық бермейді. Жоғарыда аталған келісім ҚХР Гонконг және Макао арнайы әкімшілік аймақтары аумағына баруға қолданылмайтынын ескертеміз. Гонконг 14 күннен аспайтын мерзімге визасыз; Макаоға бару үшін визаға өтініш беру керек» деп атап өтті министрлік.
Жалпы, қазақстандықтар визасыз 34 елге бара алады.
Жаңалықтар
- Мереке қарсаңында БАҚ қызметкерлеріне 66 пәтер берілді
- Алматылық полицейді өлтіріп, денесін өртеп жіберген: Ұсталған жасөспірімдер үйқамақта болады
- Еуропада аптап ыстықтан бағдаршамдар еріп жатыр
- Ақтаудағы автомобильге газ құю бекетінде ұзын-сонар кезек
- Алматы – Ташкент жолында мотор майын тасымалдаған жүк көлігі аударылып, өртенді
- Елімізде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні
- Алматыда курьер тыйым салынған вейп тасып жүргенін білмеген
- ӘЧ-2026: Месси жаңа рекорд орнатты
- Венесуэладағы жер сілкінісі: Құрбандар саны 1,4 мыңға жетті
- Ормуз бұғазындағы қауіп күшейді
- Сербия президенті Александр Вучич қызметтен кететінін мәлімдеді
- Ажырасқандардың жеке сот орындаушы ақысын екі жақтап төлеуі — Конституцияға қайшы
- ӘЧ–2026: Бельгия G тобында жеңіске жетті, Иранның тағдыры кейінірек шешіледі
- Мектепке жөндеу жүргізілмесе де 78 млн теңге төлеген шенеуніктер жазаланды
- Астанада жолаушылар автобусы өртеніп кетті
- Жетісу облысындағы тасжолда түнгі жол апаты болып, бес адам қаза тапты
- Алматыда неге жарық жиі өшіп, бағдаршамдар істемей тұр?
- БҰҰ: Есірткінің жаңа түрлері нарықты жаулап барады
- Бітім жайына қалды: АҚШ пен Иран бір-біріне соққы жасады
- Францияда аптап ыстыққа байланысты ядролық реакторлардың жұмысы уақытша тоқтатылды