Қысым көрсеткен: Түркістан облысында полицейлерге іс қозғалды
Фото: видеодан кадр
Түркістан облысында Шардара ауданының тұрғыны Нартай Қожанов полиция қызметкерлері оған қылмысты мойындату үшін қысым көрсеткені туралы айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
50 жастағы ер адам оны шекарашылар бөлімшеге алып барып қысым көрсеткені жайлы айтты. Оқиға 2024 жылдың қыркүйек айында болған. Нартай бөлімшеге кірем дегенше, оған қызметкерлер күш қолданған.
«Мені Орысқұдыққа көлікпен алып бара жатқанда екі жақта екі қызметкер отырды. Кейін мені Шардара заставасына алып келді де, алдымнан Дархан есімді қызметкер мені бөлімшеге алып кетті. №12 есіктің дәл жанында олар мені ұра бастады. Ернім жарылып, ісіп кетті. Аузыма скотч байлап басыма полиэтилен кигізіп. Жыныс мүшемнен бұрап, еденде сүйреді. Кейін олар мені келесі кабинетке алып барып, 8 ешкі ұрлағанымды мойындауым керектігін айтты. Иә, мен қойшымын, бірақ ешқандай да ешкі ұрламадым», – деді Нартай Қожанов.
Жәбірленушінің айтуынша оны көрші тұратын шопан нұсқаған. Ол шопанның да соққының астында қалғанын айтты. Ессіз күйде жатқан ер адамды полиция қызметкерлері алдымен ауруханаға жеткізіп, кейін күйеу баласының үйіне тастап кеткен. Әйелі Нартай Қожановтың денсаулығына зиян келгенін байқаған. Артынша Қожанов прокуратураға арыз жазады. Кейін оны төмпештеген қызметкер келіп кешірім сұрап, ұрлықты басқа біреу жасағанын айтады.
«Өте тым кеш болды, өйткені дәрігерлер маған ауыр диагноз қойды», – деді Қожанов.
Жалған ісін мойындату үшін ер адамды соққыға жыққан полиция қызметкерлері 3 ай бойы бостандықта жүр. Оларға ешқандай да жаза қолданбаған. Прокуратура олардың арызын ешқандай да айғақ жоқ деп қабылдамаған. Әділдікке жете алмай жүрген жәбірленуші адвокат жалдап, оқиғасын әлеуметтік желіге жариялауды жөн көрген.
Жәбірленушінің заңды өкілінің көмекшісі Жадыра Наурызбайқызы Қожановтың оған желтоқсан айында келгенін мәлімдеді. Әлеуметтік желіге видео жариялағаннан кейін прокуратура Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 362-бабы ақыры баптың 1-бөлігі «Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану» бойынша қылмыстық іс қозғады. Ал жәбірленуші тарап бұл бапқа тағы екі бап қосуды талап етеді: «Азаптау» және «Адам ұрлау» фактісі.
Өкінішке қарай жәбірленуші ер адам енді балалы бола алмайды. Өйткені полиция қызметкерлері оның жыныс мүшесіне зақым келтірген. Алған зақымнан қойшының қозғалуы да қиындаған. Жәбірленуші Өзбекстаннан көшіп келген қандас. Өзі қойшы, ал әйелі мектеп асханасында жұмыс істейді.
Қожановтың арызы негізінде Түркістан облыстық полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы қылмыстық іс қозғады.
«Қазіргі таңда қылмыстық істі тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауында, қадағалау органының нұсқауына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады Түркістан облысының прокуратурасы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық