Қырымда украиндық олигархтардың мүлкін сату басталды
Қырымда украиндық кәсіпкерлердің мүлкін сату бойынша алғашқы аукциондар өтті. Жергілікті шенеуніктердің хабарлауынша, кезекте Украина президенті Владимир Зеленскийдің пәтері тұр.
Бірқатар ресейлік БАҚ ресейлік шенеуніктің Telegram-арнасына сілтеме жасап, Қырымда украиндық олигархтардың мүлкінің алғашқы аукционы өткенін хабарлады.
Ақпаратқа сүйенсек, сегіз аукцион өткізіліп, онда жалпы сомасы 815 миллион рубльден асатын (4 миллиард теңгеге жуық) коммерциялық жылжымайтын мүлік пен тұрғын үйлер сатылған. Сонымен қатар, жалпы құны 27 миллион рубль болатын тағы төрт тұрғын үй ашық аукционға шығарылды.
Жақын арада украиндық олигархтардың тағы жүзге жуық нысаны аукционға шығарылатыны атап өтілді. Оның ішінде Зеленскийдің Ливадиядағы 100 шаршы метрлік пәтері бар. Олар бұл нысандарды сатудан 800 миллион рубльден астам пайда күтуде.
Бұған дейін Қырымда көптеген олигархтардың мүлкі тәркіленгені, олардың арасында Арсений Яценюк, Ринат Ахметов, Нестор Шуфрич, Сергей Тарута және т.б. бар екені хабарланған болатын. Сатудан түскен қаражатты әскерлердің қажеттіліктеріне жұмсау жоспарлануда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық