Қыркүйек айынан бастап қыздарға екпе егіледі
Фото: Pexels
Қыркүйек айынан бастап еліміздегі барлық қыздарына папилома вирусына қарсы екпе егіледі.
Бұл туралы бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова хабарлады.
9 млрд теңгеден астам сомаға 350 мың доза вакцина сатып алынды.
«Бұл вакцина АҚШ та өндірілген GlaxoSmithKline - бельгиялық вакцина. Сапасы бүкіл әлемде дәлелденген және жүзден астам елде қолданылып жүрген төрт валентті Гардасил-4 вакцинасын сатып алып жатырмыз», - деп жауап берді ол Мәжіліс сыртында.
Айжан Есмағамбетова республикадағы талаптарға да тоқталды: вакцина міндетті түрде тіркелуі керек, Гардасил ғана емес, кез келген вакцинаның әрбір партиясы елге кіргізілерде үнемі тексеріледі, қауіпсіздігі мен сапасын растайтын барлық құжаттар қаралады.
Ол сондай-ақ вакциналаудан кейін аздаған реакция болуы мүмкін екенін атап өтті.
«Температураның жоғарылауы, шамалы ісіну аз уақыт ішінде өтеді, сондықтан, әдетте, инъекция орнында ісіну пайда болса да, бұл мектептен босатуға себеп емес», - деп нақтылады бас дәрігер.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жатыр мойнының қатерлі ісігін вакциналау арқылы алдын алуға болады. Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда жыл сайын жатыр мойнының қатерлі ісігінен 2 мыңға жуық әйел тіркеліп, 600-ге жуық әйел көз жұмады. Сонымен қатар, әйелдер арасында жатыр мойнының қатерлі ісігі сүт безі ауруынан кейін екінші орында тұр.
Бұл екпе әйелдер арасында патологиялық ауруды 90% -ға төмендетуге мүмкіндік береді.
Вакциналау 6 ай аралықпен 2 кезеңде жүргізіледі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық