Қырғызстанның экс-министрі мен оның ұлы 8 жылға сотталды
Коллаж: kaktus.media
Қырғызстан Республикасының бұрынғы табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрі Динара Құтманова мен оның ұлы Кемелбек Құтманов 8 жылға сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бішкек қаласының Первомай аудандық сотының үкімі бойынша Динара Құтманова қылмыстық кодекстің «Қызмет бабын асыра пайдалану» бабы бойынша кінәлі деп танылды. Экс-министрдің мүлкі тәркіленіп, үш жыл мерзімге дейін мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды. Ал ұлы Кемелбек Құтманов аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін айыпталды.
Первомай аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, мұндай шешім 5 ақпанда шыққан.
Екеуі де табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрлігінде қызмет атқара отырып, Қырғызстандағы ең ірі «Құмтор» кен орнын игеруден түскен қаражатты заңсыз пайдаланған.
2023 жылдың жазында анасы мен ұлының 2021 жылдан бастап жыл сайын 3 млн 700 мың доллар шамасында қаражат жымқырып келгені анықталды. Бұл ретте, Қырғызстанның есеп палатасының қорытындысына сәйкес министрлік 720 млн сомды мақсатсыз пайдаланған. Ал мемлекетке келтірілген залал 192 млн сом болды.
Экс-министр 2023 жылдың шілдесінде ұсталды. Ол министр қызметін 2021 жылдың қазанынан 2023 жылдың наурызына дейін атқарды. Ал ұлы - Кемел Құтмановқа халықаралық іздеу жарияланды. Күдікті Түркияда ұсталып, 2023 жылдың қазан айында Қырғызстанға экстрадицияланды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық