Қырғызстанда көлік салығы жойылды
Фото: freepik.com
Енді қырғызстандықтартар автокөлік үшін салық төлемейді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қырғызстанда автокөлік салығы толығымен жойылды. Қырғызстан президенті тиісті жарлыққа қол қойды.
Бұл шешім «жол қоры туралы» заңға сәйкес, әр литр отыннан бір сом жинауды көздейтін өзгерістердің күшіне енуіне байланысты қабылданды.
«Көлік құралдарына салық алынбайды, оның орнына 1 қаңтардан бастап көлікке құйылған әрбір литр бензин немесе дизель үшін бір сом алынады. Сонымен қатар мен 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін автокөлікке салық төлемеген азаматтарды да салықтан босатуды тапсырдым», - деді Садыр Жапаров.
Оның айтуынша, 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін жинақталған заңды және жеке кәсіпкерлердің барлық қарыздары да кешіріледі.
Жаңалықтар
- Жетісу облысында болған жол апатынан 11 адам ауруханаға түсті
- Мұхтар Шаханов өмірден өтті
- АҚШ делегациясы Иранмен келіссөздердің екінші кезеңіне қатысу үшін Исламабадқа келді
- Алматыда 200-ден астам тұрғын құлағалы тұрған үйлерінен жаңасына көшті
- Almaty Half Marathon-на әлемнің 44 елінен 10 000-нан астам адам қатысты
- Қазақстандық спортшылардың осы аптадағы жетістіктері
- Астананың көлік жүргізушілері эвакуатор шақыру мен арнайы тұрақ ақысын өздері төлейтін болды
- Иран СІМ: Еуроодақтың өзі АҚШ пен Израильдің әскери қылмыстарын қолдап отыр
- Атырауда бөтен құжатпен 19 несие алған адам сотталды
- Солтүстік Қазақстанда 7,7 гектар орман алқабы өртенді
- Алматыда жол бойында өсіп тұрған ағаш автокөліктің үстіне құлады
- Сарбаздар мен әскери қызметшілерге телефон қолдануға рұқсат берілді
- Маңғыстауда жауған нөсер мен дауылдан жүздеген жылқы қырылды, ұсақ мал да бар
- КХДР Жапон теңізі бағытына бірнеше баллистикалық зымыран ұшырды — БАҚ
- Украина Назарбаевқа арналған барельефті алып тастамайтын болды
- Қазақстан премьер-лигасы матчында «Қайрат» өз алаңында «Каспийді» жеңді
- Киев көшесінде өтіп бара жатқан адамдарға оқ жаудырған кісі алты адамды жер жастандырды
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады