Қырғызстанда көк-бөрі ойынына тыйым салынуы мүмкін
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Қырғызстанда ұлттық көк-бөрі ойынына тыйым салуды қолдайтындар көбейген, деп хабарлайды Orda.kz.
Қырғыз депутаты Балбақ Төлобаевтың айтуынша, көк-бөрі ойынында болған жазатайым оқиғадан кейін кейбір белді адамдар бұл ойынды тоқтатуға тырысып жатқан көрінеді.
Еске сала кетейік, 12 наурызда көк-бөрі ойыны кезінде серкені алуға ұмтылған көкпаршыны жылқы басып мерт қылған еді. Көп өтпей жаттықтырушы мен көкпаршының үстінен қылмыстық іс қозғалып, олар қамауға алынды.
«Көк-бөрі - қырғыздардың ұлттық ойыны. Бұл біздің мақтанышымыз. Жазатайым оқиғалар кез-келген спорт түрінде болады. Мысалы футбол, бокс, күрес, хоккей деген сияқты», - деді Балбақ Төлобаев.
Депутат ойынды тоқтатып тастамай, керісінше ойын ережелерін қатаңдатуды немесе жаңа ережелер енгізуді ұсынды. Ол бір апатқа байланысты адамдарды ұлттық ойыннан айыруға болмайтынын ескертті.
Қырғыз-қазақ әуелде бір туғанбыз деп бірін бірі жақсы көріп, тонның ішкі бауындай болған халық. Алайда қазақтың соңғы ханы Кенесарының басы мен көкпар ойынына келгенде қызылкеңірдек болатынымыз өтірік емес.
Еске сала кетсек, Orda.kz бұған дейін Астанада көшпенділер ойындарындағы көкпар турнирінің финалында Қазақстан мен Қырғызстан спортшылары арасында төбелес шыққаны жайлы жазған болатын. Сол ойында қазақстандық спортшылар финалда қырғызстандықтарды жеңген еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық