Қырғызстанда қоғамдық орындарда никаб киюге тыйым салынды
Фото: Global look press
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қоғамдық орындарда никаб киюге тыйым салатын заңға қол қойды, деп хабарлайды Orda.kz.
Енді Қырғызстанда мемлекеттік органдарда және қоғамдық орындарда азаматты анықтауға мүмкіндік бермейтін киім кигені үшін жауапкершілік енгізіледі. Әйелдер мұндай киімді жұмысына немесе медициналық себептерге байланысты кисе рұқсат етіледі. Сонымен қатар көрші елде енгізілген жаңа заң бойынша, діни мағлұматтар мен кітаптарды үй-үйді аралап тарататындар жазаланады. Қырғызстан аумағында діни нысандарды қоспағанда, қоғамдық орындарда, мемлекеттік ұйымдарда, балабақшаларда, мектептер мен университеттерде кез келген БАҚ арқылы діни әдебиеттерді таратқаны үшін және үй-үйді аралағаны үшін жауапкершілік енгізіледі.
Заң діни негізде партия құруға және оны діни ұйымдардың, шетелдік компаниялар мен азаматтардың қаржыландыруына тыйым салады.
Сондай-ақ депутаттарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу кезінде діни ақпарат пайдалануға тыйым салынады.
Жаңалықтар
- Тоқаев Моңғолия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
- БҚО-да тойға келгендер полиция бөлімінен бір-ақ шықты
- Алматыдағы Розыбакиев көшесіне Шаханов есімін беру ұсынылды
- 2027 жылы ҰБТ-ға балама тест болады
- Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
- Тоқаев: Моңғолиямен ортақ тарих біріктіретін біртұтас тамырланған көшпелі өркениет ұрпағымыз
- Қазақстандағы екінші АЭС Мойынқұм деп аталады
- АҚШ пен Иран арасындағы кезекті келіссөз қашан өтеді?
- Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
- Мексикадағы пирамида маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
- Иран билігі АҚШ-пен келісімге келу үшін делегация жіберді
- Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
- Мұхтар Шаханов қайда жерленетіні белгілі болды
- Залал 2 млрд теңге: Петропавлда көлік өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған
- Қазақтың біртуар өршіл ақыны Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
- Астанада төрт тонна қауіпті сұйықтық құйылған 200 канистр табылды
- Ақсу қаласында зауытта жұмысшы қаза тапты
- Меркеде шенеуніктер жетім студенттердің ақысын жеген
- Қазақстан мен Моңғолия геологиялық барлау, мұнай өндіру салаларына заманауи технология енгізу туралы келісті
- Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді