Қырғызстан президенті «шетел агенттері» туралы заңға қол қойды
Фото: gov.kg
Садыр Жапаров заң үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына кедергі келтірмейді деп сендірді.
Қырғыз Республикасының президенті атап өткендей, шетелдік серіктестер бұндай заң қабылдамауды сұраған. Бірақ Жапаров бұл коммерциялық емес ұйымдардың ашық жұмысы үшін қажет деп санайды.
«Елімізде ондаған жылдар бойы жұмыс істеген ҮЕҰ еш жерде тіркелмеген және ешкімге есеп бермеген. Олар банк шоттарын ашып, шетелдік инвесторлардан ақша алып, өз қалауы бойынша, соның ішінде жеке мақсаттарына жұмсаған. Енді олар да басқалар сияқты Әділет министрлігіне тіркеліп, банкте есепшот ашатын болады» деп жазды Қырғызстан басшысы әлеуметтік желіде.
Отандық үкіметтік емес ұйымдар шетел инвесторларын шетел агенті ретінде қудалаймыз, ұстаймыз деп алдайды, деп түсіндірді мемлекет басшысы.
«Инвесторлар бұған сенді, енді бұл заңға қол қоймауымды сұрайды. Бірақ сіз 30 жыл бойы шетелдік Инвесторлармен жұмыс істеп келесіз, ақша алғаныңыз үшін сізді ешкім қудалаған жоқ. Қалай ойлайсыз, біз мұны енді істей бастаймыз ба?»,- деп түйіндеді Садыр Жапаров.
Жақында Еуропалық Одақтың делегациялары, АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Франция және Германия елшіліктері Қырғызстанда қабылданған «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңға қатысты алаңдаушылықтарын білдірді.
Атап айтқанда, коммерциялық емес және үкіметтік емес ұйымдарға бұқаралық іс-шаралар өткізуге немесе оларға қатысуға тыйым салады. Шетелден қаржы алып, саяси қызметпен айналысатын ҮЕҰ мен ҮЕҰ «шетелдік өкілдер» тізіліміне енгізіледі. Олар өздерінің қаржыландыруы туралы есеп беріп, қызметі туралы қосымша есеп ұсынып, мемлекеттік органдардың тұрақты тексерулерінен өтуі тиіс.
Жаңалықтар
- Желіде домбыраны «харам» деген ер адамға қылмыстық іс қозғалды
- Министр тарап кеткен жеке деректерге қатысты пікір білдірді
- Индонезияда екі пойыз соқтығысып 14 адам қаза тапты
- Лифтті тепкілеп, қызды баспен ұрған «батыр» ұсталды
- Алматыда алаяқтық мақсатымен 4 млн қоңырау шалған қылмыстық топ ұсталды
- Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен әуе кеңістігін пайдалану қатаң бақыланады
- Елімізде балалардың атына жеке кәсіпкерлік рәсімдеуге болады
- Тағы да Талғар: Ер адамды тауға апарып ұрып 10 млн теңге бопсалаған
- Павлодарда кәсіпкердің өліміне 84 миллион теңге қарыз себеп болған
- Жітіқарада ер адам өгей ұлын пышақтап өлтірді
- Перизат Қайратпен байланысы бар: Бірнеше құрылыс компаниясын басқарған Мөлдір Сүйіншәлі үйқамақта
- Ақ үйде атыс шығарған күдікті өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін
- АҚШ президент Трамптың қауіпсіздігін күшейтпек
- Астанада балалар отырған аттракцион құлады, полиция тексеріп жатыр
- Трамп Америка тарихындағы ең көп шабуылға ұшыраған саяси тұлға
- Тоқаев ТМД елдерімен радиация бойынша дерек алмасу туралы заңға қол қойды
- Израиль президенті Ицхак Герцог Қазақстанға ресми сапармен келді
- Сотталған блогер Жанәбіловтер амнистияға ілінуі мүмкін
- Астанада LRT-мен жүруге арналған жеңілдік картасын кімдер ала алады?
- Ерлі-зайыпты блогер Жанәбілевтерге сот үкімі шықты