Қырғызстан президенті Азаттық радиосын жабу туралы ұсынысты қолдады
Фото: gov.kg
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Илон Маск ұсынған АҚШ мемлекеттік департаментінің медиа жобаларын жабу жоспарын қолдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Маск АҚШ президенті әкімшілігінің өкілі ретінде үкімет қаржыландыратын «Америка дауысы» және «Азаттық радиосы» медиа жобаларын жабуды ұсынды. Ал Қырғызстан билігі «Азаттық радиосының» Қырғызстандағы филиалының қызметін бірнеше рет тоқтатуға тырысқан екен.
Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров халықтың өзі-ақ БАҚ-та өтірік пен шындықты ажырата алатынын, ал «Азаттықтың» дәурені біткенін айтты.
«Дұрыс емес ақпаратты тарату немесе жаңалықтарды манипуляциялау сөз бостандығына жата ма? Рұқсат етуді сөз бостандығымен немесе адам құқықтарымен шатастырудың қажеті жоқ. Сондықтан Трамп пен Масктың шешімдерін қолдаймын», - деді Жапаров.
Айта кетейік, 2023 жылдың 23 қаңтарда Қырғызстан билігі Азаттық радиосының үстінен сотқа арыз түсірген. Шағымда Азаттық радиосы қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс туралы видеоматериалды жоймағаны жазылған. Бұл айыппен Азаттықтың қырғыз қызметі де, медиа ұйымдар мен тәуелсіз журналистер де келіспеген еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық