Қырғызстан Қазақстанға гуманитарлық көмектің екінші партиясын жіберді
Фото: ҚР ТЖМ
Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынынан зардап шеккендер үшін «Жәрдем керуені» атты гуманитарлық жүктің екінші партиясы Қазақстанға жөнелтілгенін мәлімдеді деп хабарлайды 24kg сайтына сілтемемен Orda.kz
Басылымның мәліметінше, гуманитарлық жүк қырғыз сүт өнімдерінен құралған - 10 мың литр айран, 14,2 мың қорап қаймақ, 10 мың литр сары май мен өсімдік майы, 20 тонна голланд ірімшігі, 80 тонна майсыздандырылған құрғақ сүт.
«Жүк қырғыз халқының күшімен жиналды, Президенттің резервтік қорынан қосымша қаражат бөлінді» деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Естеріңізге сала кетейік, сәуір айының басында Жамбыл облысына Қырғызстаннан алғашқы гуманитарлық жүк – 300 тонна жүк тиеген 15 жүк көлігі келді. Жүк Қазақстанның төрт облысына бөлінді.
Бұған дейін Қырғызстан Министрлер Кабинетінің Төрағасы Ақылбек Жапаров Бішкектегі ЖЭО апатынан кейін Қазақстан Қырғызстанға көмек қолын созғанын атап өткен болатын. Ол кезде Қырғызстанға дизельдік отын түріндегі 2 мың тонна гуманитарлық көмек жіберілді.
«Бұл жағдайда біз оларға тіпті олар сұрамаса да гуманитарлық көмек жібереміз», - деді Жапаров Қазақстандағы су тасқыны жағдайына тоқталып. Түркия да Қазақстанға көмек көрсетуге дайын екенін білдірді. Бұл тұрғыда Түркия Сыртқы істер министрлігі тиісті мәлімдеме жасады.
Жаңалықтар
- Енді жолдағы шұңқырлар мен жарықтарды дрондар анықтайды — Көлік министрлігі
- Қарағандыда жалған купюрамен сауда жасаған әйел ұсталды
- Тоқаев Ресейдің сыртқы істер министрі Лавровпен кездесті
- Тоқаевтың экс-кеңесшісін өлтірген адам 11 жылға сотталды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Сараптама айыпталушыны есі дұрыс деп таныды
- Алматыда елдегі алғашқы крематорий іске қосылды
- «Құман екеуіміз өмір бойы халық үшін еңбек еттік. Бізде кәсіп болмады»: Меруерт Өтекешева Баян Алагөзованың ұсынысына пікір білдірді
- Қаңғыбас иттер туралы даулы заң мәжіліске қайтарыла ма?
- Алматыда Zeekr көлігімен болған жол апатын тергеу екі аптада аяқталады
- Көлік сатамын деп алдаған: Алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды
- Қырғызстанда Қамшыбек Тәшиевке екі бап бойынша айып тағылды
- Парижге жаяу барған 76 жастағы қария «Құрметті спорт қызметкері» атағын алды
- Алматыда 81 жастағы зейнеткерді ұрлаған күдіктілер ұсталды
- Путин Жеңіс күні қарсаңында Украинамен уақытша бітімге келуі мүмкін
- Қазақстандықтардың қарызы 25 триллион теңгеден асты
- Қоғам қайраткері әрі дәрігер Бақыт Түменова қайтыс болды
- Қазақстан азаматы Берлин қаласында Ресей пайдасына тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталды — Euronews
- Алматыда самокатшыларға қойылатын талаптар күшейтілді: Полиция қандай шешім қабылдады?
- Депутаттар заң жобасын таныстырды: Мұғалімнің оқушылар үшін жауапкершілігі азайды
- Ақтөбе облысында дрон құлап, құрғақ шөп өртке оранды