Қырғызстан бет бүркеуге тыйым салмақ
Өзбекстан парламенті қоғамдық орындарда бетті жасыратын киім киюге заңнамалық деңгейде тыйым салды. Қырғызстан көршілерінен үлгі алуға шешім қабылдады. Осындай ұсынысты депутат Шарапатқан Мәжитова айтты.
Айта кетейік, Мәжитова никаб пен хиджабқа тыйым салу туралы бастаманы 2022 жылы көтерген болатын. Бұл жолы депутат Өзбекстан тәжірибесіне тоқталып, Қырғызстанда радикалды діни ағымдар көбейгенін еске салды.
«Көрші Өзбекстанда дінді қатты ұстанады, бірақ олардың Конституциясында бұл ел зайырлы мемлекет, сондықтан қоғамдық орындарда бетперде киюге тыйым салынады деп жазылған. Ал қыздар мектепте орамал тақпайды. Олардың парламенті бұл туралы заң қабылдады. Бұл мұндай заңнаманы қабылдауға болатынын және бұл діндарлардың құқығына нұқсан келтірмейтіндігін білдіреді» деп келтіреді vesti.kg порталы депутаттың сөзін.
Мәжитова орамалға қарсы емес екенін, бірақ бетін жабудың қажеті жоқ деп есептейтінін түсіндірді.
«Ошта әрбір төртінші әйел бетперде киеді. Олардың саны күн сайын артып келеді. Сондықтан мен министрлер кабинетінен мемлекеттік деңгейде шара қабылдауды сұраймын, әйтпесе ертең кеш болады. Мемлекет бұл жағдайды қамтамасыз ету үшін шара қабылдауы керек»,- дейді депутат.
Еске салайық, Өзбекстан Олий Мажлисінің заң шығарушы (төменгі) палатасы көп әйел алуды насихаттағаны және әйелдер мен ерлердің тең құқықтарын ашық айыптағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті көздейтін заң жобасын қабылдаған болатын.
Сондай-ақ, депутаттар қоғамдық орындарда адамның бетін жасыратын немесе адамды тануға кедергі келтіретін киім киюге тыйым салуды заңдастырды.
Бұған дейін Иранда міндетті түрде хиджаб кию туралы заң қайта қаралатыны белгілі болған еді. Иранның бас прокуроры заңның қайта қаралғанын хабарлады. Мохаммад Джафар Монтазеридің айтуынша, бұл мәселені парламент пен сот жүйесі қарастыруда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық