Қырғызстан әуежайында тағы бір журналист ұсталды
Фото: Ашық дереккөзден
Қырғызстан ІІМ-нің баспасөз қызметі тәуелсіз журналист Әли Ергешов ұсталғанын растады, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Полиция оны ақпан айының 13-ші жұлдызында, Манас әуежайында бет-жүзін анықтайтын камералар арқылы ұстаған.
Полицияның айтуынша, Ергешовті ұстауға Жалалабад қалалық соты санкция берген. Іс 2023 жылы мамырда бұзақылық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іспен байланысты.
Бұған дейін Ерегешов өзінің Instagram парақшасына өзін құқық қорғау органдары ұстағаны жайлы бейнеролик пен фото жариялаған. Ол өзі ешқандай заң бұзбағанын айтып, істі кәсіби қызметімен байланыстырған.
Әли Ергешов – YouTube-тағы «Ел білсін» жобасының авторы. Ол қоғамдық тамақтану орындарындағы санитарлық жағдай және мемлекеттік мекемелердегі халыққа қызмет көрсету сапасы, сонымен бірге азаматтардың түрлі заңсыздықтары туралы бейнеролик жариялайды. Оның 130 мың көрермені бар.
Ақпан айында Қырғызстанда блогер Батмакан Жолболдуева және журналист Ермек Аттокуров бопсалау бабы бойынша күдікке ілініп, ұсталғаны белгілі болған. Кейін Аттокуров үйқамаққа жіберілді. Қаңтар айында Қырғызстанда "Темиров LIVE" жобасының 11 бұрынғы және қазіргі қызметкері ұсталған. Құқық қорғаушылар елдегі сөз бостандығы ахуалына алаңдап отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық