«Күніне 130 қалдық төгетін көлік келеді»: Алматы облысында кәріз суы мәселесі ушығып тұр
Сурет ЖИ көмегімен жасалды
Алматы облысы Қарасай ауданы Әйтей ауылының тұрғындары кәріз суынан мезі болдық дейді. Тұрғындардың жан айқайын Orda.kz тілшісі тыңдап қайтты.
Қолқаны қапқан кәріз иісі жаз тұрмақ қыста да тұрғындарды мезі еткен. Жалпы Әйтей ауылының аясы кеңіп, қоныстанғандар қатары көбейіп келе жатыр. Жер телімдері беріліп, ауыл тіршілігін қамтамасыз ететін инфроқұрылымдар тартылған. Бірақ тұрғындарға жер телімдері кәріз суы төгілетін аумақтан үлестірілген.
«Менің бұл жерге қоныстанғаныма үш жылдан асты. Бізге берілген жердің бәрі заңды. Электр жарығы, газ бәрі берілген», – дейді ауылдың жаңа тұрғындары.
Қарасай ауданының маңында кәріз суын төгетін бірнеше орын бар. Бірақ кейбір кәріз орындарына тұрғындар қарсы болып, жауып тастаған. Қазіргі уақытта ауданның барлық кәріз суы Әйтей ауылының маңындағы арнайы орынға құйылады.
«Барлық кәріз суын төгетін көліктерді біздің ауылға қарай бұрып жіберген. 4-6 кубтік ассенизатор көліктерін есептесек, күніне 120-130 көлік біздің қасымызға келіп кәріз суын төгіп жатыр. Бұл сұмдық қой. Тәулік бойы тоқтамайды. Бұрын 3-4 ассенизатор келетін, оған қарсылығымыз болмаған. Иіс жаз тұрмақ қыста да мүңкіп тұр», – дейді ауыл тұрғыны Бауыржан Ахметов.
Әйтейліктер жақында кәріз суын тасыған көліктердің жолын жауып, ереуілдетіп, ақыры бұл іске әкімдік араласқан. Негізі заң бойынша бұл жерде кәріз суын төгуге рұқсат бар. Бірақ соңғы жылдары халықтың қоныстануына да рұқсат беріп қойған.
«Әкімдік келіп құжаттарын көрсетті. Бұл кәріз суын ары қарай сорғызып әкетіп, орталық кәріз суларына апарып құйылу керек деді. Жаңа сол жерге барып келдім. Бірақ ол жерде ешбір сорғы құбыры жұмыс істеп тұрған жоқ. Сорғыға қосылып тұрған электр желісі де жоқ. Шамасы мүлдем жұмыс істемеген болу керек. Қазір кәріз сулары жерге сіңіп кетіп жатыр, сіңбегені көлкіп тұр», - дейді Бауыржан Ахметов.
Қысқасы Қарасай ауданы, оның ішінде Қаскелең қаласы қазіргі уақытта кәріз суын қайда төгерін білмей дал.
«Кәріз суын төгу тоқтатылады деді. Бірақ кеше жергілікті пабликтің редакторы Әйтей тұрғындарына өтініш жасап, көктемге дейін кәріз суын ауыл маңына төгуге рұқсат беруді сұрады. Өйткені Қаскелеңнің барлық моншалары, үйлері, ауруханасы бар, бұл жерге төкпесе, олардың бәрі үлкен мәселеге тап болады. Әйтейдің мына жақ шеті үлкен қоқыс полигоны, ал келесі жағы кәріз суына толып тұр. Сонда біздің денсаулықты кім ойлайды?», – деп дабыл қақты тұрғындар.
Кәріз суын төгуге арналған қаншалықты заңды орын болса да, халық қоныстанғандықтан әкімдік мәселені шешу керек деген талап қояды ауыл тұрғындары. Олардың айтуынша, небәрі 500 метр жерде орналасқан кәріз суы қарт адамдар мен бала-шағаның денсаулығына қатты әсер етіп жатыр екен.
«Сол жерде «су қорғау аймағы» деген тақтайша тұр. Бұл аумақта өзен, көлдер бар, ауыз су беретін мұнара, міне, тиіп тұр. Сонда қалай болғаны, депутаттарға, құқық қорғаушылар мен экологтарға осы мәселе бойынша сұрақ қойғымыз келіп тұр», – дейді Әйтей ауылының тұрғындары.
Жан айқайымызды көрер көз, тыңдар құлақ болмай тұр деген тұрғындар бұл мәселе оңынан шешілмейінше қайтпаймыз дейді. Осы мәселенің қалай қарастырылып жатқаны туралы Orda.kz Қарасай аудандық әкімдігінен сұрап білді.
«20 қаңтар сағат 15:00-де аудан әкімдігінің ғимаратында ассенизатор көліктерінің жүргізушілерімен кәріз жүйесін ұйымдастыру мәселесі бойынша кездесу өтті. Аудан әкімі қатысушылармен түсіндірме әңгіме өткізді. Қазіргі уақытта балама кәріз мүмкіндігі қарастырылуда. Бірақ бұл мәселені іске асыру үшін алдымен оның заңдылығын зерттеп, Алматы облысының экология басқармасымен келісу керек», – деп жауап берді Қарасай аудандық әкімдігі.
Әйтей ауылындағы жағдай — кәріз инфрақұрылымын жоспарсыз дамытудың нақты салдары. Бір жағынан, заңды түрде белгіленген кәріз төгу алаңы бар, екінші жағынан — сол аумаққа халықты қоныстандыруға рұқсат берілген. Нәтижесінде жүздеген адамның денсаулығы мен экологиялық қауіпсіздігі тәуекелге тігіліп отыр.
Тұрғындардың айтуынша, тәулігіне жүзден аса ассенизатор көлігінің келуі қалыпты өмір сүруге мүмкіндік бермейді. Жағымсыз иіс, кәріз суының жерге сіңуі мен ашық түрде жиналуы — санитарлық талаптарға да, «су қорғау аймағы» мәртебесіне де қайшы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық