Қылмыстық іс қозғалған адвокат Жанна мен Ғабитті 40 әріптесі қорғайтын болды
Фото: Orda.kz
Желтоқсанның аяғында Алматы полиция Департаменті адвокат Жанна Уразбахова мен оның әріптесі Ғабит Бекітаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін заңсыз жариялаудағы айыбына қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Orda.kz
Адвокаттар танымал құрылыс магнаты және Bazis-A компаниясының негізін қалаушысы,
Forbes журналының нұсқасы бойынша Қазақстанның ең ықпалды 50 бизнесменінің тізіміне
кіретін Александр Беловичтің бұрынғы жұбайын қорғайды. Кәсіпкер мен оның жұбайының
арасындағы мүліктік дау үлкен іс-жүргізуге, ақпараттық шабуылдар мен қорғаушылардың
қудалануына алып келді. Alfa Syom стоматологиялық желілерінің негізін қалаушысы Лилия
Аношина бұрыңғы жұбайының алаяқтық және қорқытып алу туралы арызы бойынша
халықаралық іздеуге жарияланған, ал оның көмекшісі Татьяна Белова бес айдан астам
уақыт тергеу изоляторында отыр.
Адвокаттар Жанна Уразбахова мен Ғабит Бекітаевқа оларға қатысты ойдан шығарылған қылмыстық іс бойынша айыппұл немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.
Бүгін баспасөз-конференциясында Қазақстан адвокаттар қоғамдастығының өкілдері адвокаттардың кәсіби қызметіне араласуға жол берілмейтіндігі туралы мәлімдеді.
ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі Мүслім Хасенов түсініктеме берді.
Бұл іс елдің түрлі өңірлеріндегі кәсіби адвокаттық қоғамдастықты біріктірді. Жана Уразбахова мен Ғабит Бекітаевты заңгерлік цех бойынша 40 әріптесі қорғайды.
«Адвокаттарды назарбаевтық олигархатқа қолайлы болу үшін қудалауға жол берілмеуі керек, тек адвокаттық қоғамдастыққа ғана қауіп тұрған жоқ, өйткені кез келген адвокатты қылмыстық істі қозғау, кейін жауап алу, нәтижесінде істен алып тастау сияқты жолмен бейтараптандыруға болатындай прецендент құрылған, сонымен қатар азаматтық қоғамдастыққа да қауіп төніп тұр, өйткені азаматтар да осылайша гипотетикалық тұрғыда қорғалуға деген құқығынан айырылады», - деп мәлімдеді Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Сәуле Көбжанова.
Жанна Уразбахова қылмыстық істің қозғалуын өзіне қатысты қысым көрсету құралы
және оны сот дауынан шығарып тастау үшін қарсы тараптың істеп отырған әрекеті ретінде бағалайды.
«Бұл істегі маңыздысы мен клиентімнің ісі бойынша ақпаратты жариялауға жол бермеу туралы қолхат берген емеспін. Менде қылмыстық іс материалдарынан ешқандай ақпарат жоқ, өйткені сотқа дейінгі тергеп-тексеру әлі аяқталмаған. Құқық қорғау органдары мені кәсіби қызметім үшін қудалап отыр. Адвокатты алып тастағысы келген кезде, тіпті заңсыз қылмыстық іске дейінгі барлық әдісті қолданады. Адвокат – құқық қорғау жүйесі мен азамат арасында тұрған жалғыз адам, егер адвокаттар болмаса, онда заңның сақталуына кім жауап береді? Бізде Конституция бойынша құқықтық мемлекет, іс жүзінде солай ма екен, оны менің ісімнің мысалында көрерміз», - деп Жанна Уразбахова түсініктеме берді.
Жанна Уразбахова өзінің көпжылдық құқық қорғау қызметінде тұрмыстық және сексуалдық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерді қорғаумен танымал. Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың Салтанат Нүкенованы өлтіру дерегі жөніндегі іс бойынша резонансты сот процесінде зардап шеккен тараптың мүддесін қорғаған.
«Жаннаның ауызын жаптыру – бұл барлық әйелдердің дауысын басып
тастауға жасалған әрекет. Зорлық-зомбылыққа және әйелдерге қатысты теңсіздікке қарсы күрес – бұл тек жеке тұлғалардың ғана емес, бүкіл қоғамдастықтың миссиясы. Біз әділеттікті талап етеміз. Жаннаға шабуыл жасағандар елдің барлық әйелдерінің еркіндігін шектеуге тырысып отыр. Біздің халық әрқашанда әйел адамын ұлттың бір бөлігі ретінде қараған. Әйел- бұл болашақ ұрпақтың тәрбиешісі, болашақтың бастамасы. Жанна да осы болашақ үшін, біздің ұрпақ үшін күресуде, оның табандылығы – бұл халықтың табандылығы. Оның әділетсіздікпен келіспеушілігі - барлығымыз үшін үлгі», - деді халықаларық құқық магистрі, PhD кандидаты, құқық қорғаушы Әйгерім Құсайынқызы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық