Қылмысты тыя алмаған Жамбыл ПД басшысы жылы орынын босатты
Фото: gov.kz
Жамбыл облыстық полиция департаментінің басшысы Бақытжан Малыбаев жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Дереккөздердің мәліметінше, бас полицейдің отставкаға кетуін президент әкімшілігі бақылауда ұстаған. Оның кетуі туралы сыбыс тамыз айынан бері тарап жүрген.
Жамбыл облысы полиция бастығының қызметтен кетуіне оның орынбасары Жайдарбек Құттыбаевтың ұсталғаны себеп болуы мүмкін. Ол алаяқтық жасады деп айыпталды. Сонымен қатар, Малыбаевтың тұсында қоғамдық тәртіп нашарлады. Мысалы, жол апаты, кісі өлтіру және зорлау саны күрт өсті, профилактика шаралары сәтсіз болды, тергеушілердің жұмысына шағымдар көп түсті. Сонымен қатар, Малыбаев тергеліп жатқан орынбасары Құттыбаевты қолдаған, бұл да бас полицейдің беделіне нұқсан келтірді.
Облыста ПД басшылығының барлығы дерлік ІІМ инспекторлық тексеру қорытындысы бойынша жұмыстан шығарылғаннан кейін Малыбаев бір жыл бас полицей болды. Бақытжан Малыбаев бұл қызметінен бұрын ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің бастығы болған.
Ол 1969 жылы 23 шілдеде Жамбыл облысы Қордай ауданы Қызылтас ауылында дүниеге келген.
1995 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Жамбыл арнайы орта милиция мектебін тәмамдаған. 1998 жылы Мемлекеттік тергеу комитетінің Қарағанды жоғары милиция мектебін, ал 1999 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы заң институтын тәмамдаған.
Айта кетейік, 30 тамыз күні Жамбыл облыстық полиция депаратаментінің басшысының орынбасары ұсталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық