Қылмыс жасады деген 11 күдікті Қазақстаннан тыс жерде іздестіріліп жатыр
2025 жылдың басынан бері Қазақстаннан тыс жерде 11, ел ішінде 44 қылмысқа күдікті анықталды, деп хабарлайды Orda.kz ҚР ІІМ ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап.
«Ішкі істер министрлігі ТМД елдерінің құқық қорғау органдарымен бірлесіп іздеуде жүрген қылмыскерлердің орналасқан жерін анықтау және оларды ұстау бойынша жұмысын жалғастырады. 2025 жылдың басынан бері Қазақстаннан тыс жерде 11 қылмыскер жүргені анықталды. Басқа елдердің құзырлы органдарына еліміздің аумағында 44 қылмыскердің іздеуде жүргені туралы хабар берілді» деп жазылған хабарламада.
Мәскеуде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген 28 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды. Полицияның мәліметінше, Алматыда ол сатып беремін деген желеумен тұрғындардың қымбат смартфондарын алып, кейін із-түзсіз жоғалып кеткен. Жеті адам жәбірленуші деп танылып, келтірілген шығын көлемі 32 миллион теңгеден асқан.
Кезекті іздестіру кезінде Шымкент полиция басқармасының қызметкерлері Люберцы қаласындағы ресейлік әріптестерімен бірлесіп Өзбекстанның 36 жастағы азаматын ұстады. Ол 2014 жылы Шымкент қаласының тұрғынына тиесілі жер телімін заңсыз сатып, 14 мың АҚШ доллары көлемінде шығын келтірген күдікті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық