Күйеуі терезеден лақтырған әйелдің 7 баласына халық үй сыйлады
Коллаж: Orda.kz
Шымкентте 42 жастағы 7 баланың анасының мәйіті көпқабатты үйдің ауласынан табылған еді. Күдікті ретінде күйеуі ұсталды. Журналист Гүлмира Әбіқай жан-жаққа тарап кеткен 7 баланың басын қосып, халықтың қаражатына үй алып берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайғылы оқиға 5 ақпанда болды. Әйел күйеуімен осыдан 4 жыл бұрын ажырасқан. Бірақ ер адам әйелдің соңынан қалмай, аңдуын қоймапты. Кейін күйеуі әйелін сөйлесуге шақырады. Алайда көпқабатты үйдің ауласынан әйелдің денесі табылды. Туыстары әйелдің өзіне қол жұмсағанына сенбейді. Күйеуі күдікті ретінде уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ата-анадан бір күнде айырылған 7 бала жан-жаққа тарап кетті. Тұңғыш қызының басында баспана болмағандықтан кәмелет жасына толмағандар арнайы орталықтарға жіберілген. Ең кішісі бөбектер үйіне, бірі балалар үйіне кетті. Журналист әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм әйелдің тұңғыш қызы қоңырау шалып, көмек сұрағанын жеткізді. Кейін халық балалардың бір шаңырақ астында тұруын қалап, қаражат жинай бастады.
Бүгін, 19 наурыз күні журналист сүйінші жаңалықты айтты. 7 баланың басы бірігіп, жаңа қоныстарына барды.
«Екі апта бұрын кенеттен панасыз қалған 7 бала көмек сұраған еді. Анасы белгісіз жағдайда 3-ші қабаттан секіріп қайтыс болды. Әкесі бұл өлімге күдікті деп қамалды. Баланың үлкені 20-да, кішісі 2-де. Төбесінен жай түскендей сәтте кәмелетке толмаған 5 бауыр мемлекет қарауына өтті. Тарыдай шашыраған 7 баланың басы қосылу үшін үй қажет. Осы жайлы жазғаным сол екен, 2 тәулікте жетерлік қаражат жиылды. Шымкенттің ортасынан 3 бөлмелі пәтер сатып алып, ересек қызға рәсімдедік» деп жазды ол.
Журналистің айтуынша, 5 бала үйдің тұңғышы, яғни өз әпкелерінің қамқорлығына өткен.
Үйдің екі үлкен қыздарының бірі даяшы, бірі тігінші болып жұмыс істейді екен. Ал кішкентайларға қаладағы қырықтан аса үйірме тегін қызмет ұсыныпты. Гүлмира Әбіқайдың оқырманы 1 жылдық комуналдық төлемдерді өз мойынына алыпты.
Анасынан айырылған 7 бала халыққа өз алғыстарын білдірді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық