Квазимемлекеттік сектордың ел экономикасындағы рөлі
Сарапшылар квазимемлекеттік сектордың ел экономикасын дамытудағы рөлін талқылады.
27 маусым күні Болат Жәмішевтің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің кезекті ашық отырысы өтті.
Талқылау тақырыбы Қордың стратегиясы мен іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру, сондай-ақ оның ел экономикасын дамытудағы рөлі болды. 2022 жылғы қызметтің қорытындылары туралы портфельдік компаниялардың басшылары: «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «KEGOC» АҚ баяндама жасады.
Қоғамдық талқылау барысында ҚТЖ-ның елдегі және саладағы жүйе құраушы ретіндегі рөлі сөз болды. Еліміздегі жүк айналымының 50 пайызын қамтамасыз ететін ұлттық компания қоғамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті стратегиялық және әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдайды. ҚТЖ жолаушы тасымалының 15 пайызын орындайды.
2022 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорын негізгі өндірістік көрсеткіштер бойынша жоспарларды орындады. 2021 жылмен салыстырғанда жүк айналымы 5,4%-ға өсіп, 252 млрд т-шқ болды, жолаушылар тасымалы 28,6%-ға (12 253 млн пас/км) артты. Геосаяси жағдайға қарамастан, контейнерлік транзит 6%-ға дерлік артып, 1 129 мың TEУ құрады.
Бүгінгі таңда теміржол инфрақұрылымы мен жылжымалы құрамның қазіргі жағдайы теміржолдың тұрақты жұмыс істеуіне тежеу болып отыр.
Жүк тасымалының қарқынды өсіп келе жатқан көлемін қамтамасыз ету үшін компания төрт ірі инфрақұрылымдық жобаны – Достық – Мойынты, Бақты – Аягөз, Дарбаза – Мақтаарал учаскелеріндегі теміржол желілерін және жалпы ұзындығы Алматы қаласын айналып өтетін айналма жол салуды жүзеге асыруға кірісті. Оның ұзындығы - 1337 шақырым. Сондай-ақ Қазалы – Арыс (357 шақырым), Сексеуіл – Жарық (966 шақырым), Алматы – Алтынкөл (410 шақырым), Ақсу – Жаңа-Семей (365 шақырым) біржолды учаскелерін дамыту бойынша шаралар қабылдануда. 458 локомотив алу бойынша бірінші кезектегі жұмыстар жүргізілуде.
ҚТЖ – еліміздегі ең ірі жұмыс берушісі. Компанияда 113 мыңнан астам адам жұмыс істейді. ҚТЖ-ң соңғы екі жылда еңбекақы қоры 155 миллиард теңгеге ұлғайтылды.
Қоғамдық кеңес құрамына белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, қаржы секторының және БАҚ өкілдері кіреді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық