Квазимемлекеттік сектордағы монополияны азайтып, жеке бизнесті дамытатын түзетулер Мәжіліске жіберілді
Фото: parlam.kz
Квазимемлекеттік секторды реттеуге бағытталған алтыншы монополияға қарсы түзетулер пакеті Мәжіліске енгізілді. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
«Биылғы жылы Мәжіліске квазимемлекеттік сектордың жаңа жұмыс істеу шарттарына байланысты алтыншы монополияға қарсы түзетулер пакеті енгізілді. Бұл түзетулер аясында мемлекеттің 50%-дан аз үлесі бар заңды тұлғаларға және олармен байланысты тұлғаларға қатысу мерзімі айқындалды. Бұл мерзім жобаның өзін-өзі ақтау кезеңіне байланысты болады, бірақ 5 жылдан аспауы тиіс», – деді Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап берген Бектенов.
Оның айтуынша, қазіргі заңнамада мемлекеттің квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қатысу мерзімі мен жобаның өтелімділігіне қатысты шектеулер қарастырылмаған.
«Мемлекеттік қатысуы бар заңды тұлғаларды (әлеуметтік сала ұйымдарын қоспағанда) құру үшін монополияға қарсы органның келісімі 5 жыл мерзімге беріледі. Бұл мерзім бір рет қана осындай мерзімге ұзартылуы мүмкін. Егер ұзартудан бас тартылса, мемлекеттік қатысуы бар заңды тұлға жекешелендіру жоспарына енгізіледі. Бұл шаралар мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуының нақты негіздерін реттеуге және жеке сектордың дамуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Үкімет басшысы.
Сонымен қатар, бәсекелестікті қорғау саласындағы заңбұзушылықтар мен әділетсіз бәсекеге қарсы бақылауды күшейту бойынша келесідей нормалар бар екенін айтты.
Бұл нормалар Кәсіпкерлік кодексте қарастырылған:
- әділ бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу;
- бәсекелестікті қорғау саласындағы заң бұзушылықтарды алдын алу, анықтау, тергеп-тексеру және тоқтату;
- экономикалық шоғырлануды реттеу;
- бәсекелестікті шектейтін нарық субъектілерін демонополизациялау.
Премьер-министрдің айтуынша, алтыншы түзетулер пакетінде сондай-ақ мынадай нормалар қарастырылған:
- энергетикалық көмірді энергия өндіруші ұйымдарға өткізу саласындағы әлеуметтік маңызы бар нарық субъектілеріне қатысты мемлекеттік баға реттеу енгізу;
- реттелетін қызметтермен технологиялық байланысты қызметтер көрсету – табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне қатысты;
- негізгі қуаттылық анықталған тауар нарықтарында кемінде үш жылда бір рет бәсекелестік жағдайын талдау;
- мемлекеттік монополиялар немесе арнайы құқық субъектілері шектеулерді бұзған жағдайда тергеу жүргізбей-ақ бұзушылықты және оның салдарын жою туралы нұсқама беру;
- монополияға қарсы органның келісімінсіз жасалған экономикалық шоғырлануды жарамсыз деп тану;
- мемлекеттен нарық субъектісіне мүлікті беру, радиожиілік ресурстарын ұсыну, жер қойнауын пайдалану құқығын немесе жер телімдерін беру – экономикалық шоғырлануға жатқызу.
«Айта кету керек, мемлекеттік сектор үлесін азайту және жеке бизнесті дамыту мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрақты бақылауында тұр», – деп қорытындылады Олжас Бектенов.
Бектенов сонымен қатар мемлекет қатысатын жүздеген компания мен нарық субъектілерін оңтайландыру, жекешелендіру және акцияларын бастапқы жария түрде орналастыру туралы айтқан болатын.
Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектеновтің айтуынша, бұрын құрылған ұлттық компаниялардың кейбір нарықтарда болуы қазіргі таңда орынсыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық