«Құтқарыңдаршы»: Қытайда ұсталған қазақстандықтың ісі үшін адвокаттар 7 млн талап етті
Фото: tizgin.kz
Қытайда Қазақстан азаматы ұсталды. Оның туған-туыстары қазір биліктен көмек сұрап отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Tizgin.kz порталының мәліметінше, Бүркіт Аман атты азамат 9 қазан күні Алматыдан Чжэнчжоу провинциясына ұшып барған. Араға екі күн салып ол хабарсыз кеткен екен. Әпкесінің айтуынша, бауыры анасына хабарласып: «мама, мені құтқарыңдаршы, маған жала жауып ұстады» деп айтқаннан соң байланыс үзілген.
Сонымен қатар, туысының айтуынша, адвокаттар Бүркіттің ісін қарау үшін 7 млн теңге сұраған. Анасы қорыққаннан 1 млн теңгені дереу шоттарына аударып жіберген.
«Достары екі күн бойы Бүркіттің қамалғанын айтпады. Тек кеше кешке ғана хабарлады. Күндіз өзі телефон шалғанда не үшін ұсталғанын айтқан жоқ. Достары жай төбелес, қылмыстық іс қозғалды, көмектесе алмаймыз деп елге қайтып кеткен», — дейді туысы.
Туыстары Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне арыз тапсырған. Министрлік өкілдері «күту керек» деп қысқа жауап қайырған.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қытайда туып, Қазақстанға көшіп келіп, азаматтық алған Әлімнұр Тұрғамбай да 23 шілде күні жұмыс бабымен Шыңжаңға кеткен. еді. Қасында болған адамдар әйеліне «Қытай шекарасынан оны полиция ұстап әкетті» деп айтқан. Қытай билігі Әлімнұр Тұрғанбайды ұстағанын растады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық