Kusto Group қазақ тілін қолдау қорына 100 миллион теңге аударады
Бүгін Kusto Group компаниясы басшылығы QAZAQTILI Endowment Qory қазақ тілін қолдау эндаумент-қорына100 миллион теңге көлемінде жарна аударылғаны туралы хабарлады.
«Біз Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ тілінің, атап айтқанда «Қазақ тілі» қоғамының тұрақты және ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз ету жөніндегі бастамасын қолдаймыз. Біртұтас ұлтты біріктіруге және қалыптастыруға ықпал ететін басты фактор ретінде қазақ тілінің дамуына лайықты үлес қосу біз, ел азаматтары үшін үлкен мәртебе. Біз бизнес қауымдастықты осы асыл бастаманы қолдауға шақырамыз»,- деді Kusto Group директорлар кеңесініңтөрағасы Еркін Тәтішев.
Оның сөзін Директорлар кеңесінің мүшелері Дәулет Нұржанов, Қанат Көпбаев, Мұрат Өтемісов, Талғат Тұрымбаев және Оразхан Қарсыбековтер де қолдады.
Қазақ тілін қолдау эндаумент-қоры мемлекеттік тілді қолдаумен және дамытумен айналысатын еліміздің ірі ұйымы «Қазақ тілі» Халықаралық қоғамы бастамасымен құрылды.
Эндаумент қорының ерекшелігі - қорға аударылатын қаражаттың өзі жұмсалмайды. Олар басқарылады және инвестицияланады. Эндаумент-қордың инвестициялық қызметінен түскен табыс бенефициар-ұйымның жарғылық міндеттеріне бағытталады. Эндаумент-қордың қаражатын беделді қоғам қайраткерлері, лингвист-ғалымдар мен мемлекет өкілдері қатарынан тәуелсіз қамқоршылық кеңес бақылайтын болады.
Эндаумент-қордың кірістері «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының жұмысын қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтуге, жаңғыртуға және одан әрідамытуға бағытталған жобаларды іске асыру үшін гранттар түрінде бағытталатын болады.
Kusto Group Pte. Ltd. (www.kustogroup.com) - Сингапурда тіркелген инвестициялық-өнеркәсіптік холдинг. Бүгінгітаңда Kusto Group 4 құрлықтағы 9 елде мұнай-газ, тау-кен, құрылыс, даму саласында, құрылыс материалдарынөндіруде және ауыл шаруашылығында табысты жұмысі стейді.
Жаңалықтар
- СІМ Дубайда өмір бойына сотталған 22 жастағы қазақстандықтың ісіне қатысты пікір білдірді
- «Арал теңізі – дұрыс жүргізілмеген саясат салдары» — Астанада өтіп жатқан экологиялық саммитте Тоқаев не айтты?
- Мәжіліс депутаты базарларға дизайн-код енгізуді ұсынды
- 100 жыл бұрынғы қазақ қыз-келіншектерінің келбеті қандай болды?
- Қызылордада ауылдық клубтың директоры мен есепшісі 10 жыл бойы бюджет қаражатын жымқырып келген
- Астанадағы самитте Арал өңірінің экологиясы мен климаттық-экологиялық мәселелер талқыланады
- Маслихат депутаттарының билігі күшейеді
- Талғарда 20 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды: Бірден 2 қылмыстық іс қозғалды
- Қазақ поэзиясының қара нары — Мұхтар Шаханов туған топырағына жерленді
- Дәрігерге күш қолданған азамат 1,5 жылға сотталды
- «Бекіре-2026» акциясы: Атырау облысында 378 заңбұзушылық анықталып,13 қылмыстық іс қозғалды
- ІІМ автомектептерге тексеріс барысында 701 оқу тобы қызметін тоқтатты
- Рахат Тұрлыханов отбасылық жанжалға қатысты жазадан құтылды
- Көпмиллиардтық қаражатқа салынып жатқан Ертіс үстіндегі көпір тағы өртенді
- Тоқаев Израиль президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
- Астана қазақ-тәжік қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективасы талқыланды
- Көпжылдық сенім қылмысқа ұласты: Жетісу тұрғынының 46 млн теңгеге бағаланған малы ұрланды
- Маңғыстау даласын қоқыс жапты: Аймақ даулы бейнежазбадан кейін тазартылды
- Тоқаев Моңғолия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
- БҚО-да тойға келгендер полиция бөлімінен бір-ақ шықты