Құрылысы 10-12 жылға созылатын АЭС несиеге салынбақ
Фото: Elements.envato.com
Қазақстандағы АЭС құрылысы шамамен 10–12 жылға созылады. Құрылыс шамамен 2035–2036 жылдары аяқталуы мүмкін. Оған қоса АЭС құрылысына Ресей жеңілдетілген несие ұсынады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Атом энергиясы агенттігі мәлімдеді.
Қазақстан мен Ресей алғашқы атом электр станциясының (АЭС) құрылысы бойынша келісімге келді. Атап айтқанда, Мәскеу жобаны жүзеге асыру үшін Қазақстанға жеңілдетілген шарттармен экспорттық қаржыландыру ұсынады.
Қаржыландырудың нақты шарттары бойынша әлі келіссөздер жүріп жатыр. Негізгі қаражатқа құрылыс жұмыстары мен ұзақ өндіріс мерзімін қажет ететін жабдықтарды, реактор, бу генераторлары мен негізгі сорғылар сатып алынады.
Сонымен қатар, агенттіктің мәліметінше, құрылысқа отандық материалдарды пайдалану және арнайы даярлықтан өткен жергілікті мамандарды тарту көзделіп отыр.
«Қажетті құрылыс материалдары мен мамандар Қазақстанда бар кезде, оларды Ресейден әкелуге еш негіз жоқ. Сондай-ақ, «Росатом» ұсынған бастапқы баға жария етілмейді, себебі бұл коммерциялық құпия», — деп түсіндірді агенттік.
Жобаның нақты құны әзірге белгісіз. Құрылыс барысына ауа райы, сейсмикалық жағдайлар, қосымша жабдықтардың қажеттілігі мен жергілікті өндірістің үлесі әсер етуі мүмкін. Қорытынды қаражат жобалау мен сараптамадан кейін белгілі болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық