Құрылыс салушы Атырау жұртын жүздеген миллионға алдап соқты
Фото: Pixabay.com
Атырауда 2020-2023 жылдар аралығында жалған келісімшарт арқылы сатып алушыларды алдаған «Andora Construction» ЖШС директорына сот үкімі шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Бас прокуратураның мәліметінше, жосықсыз кәсіпкер 25 адамның қалтасын үптеп үлгерген. Негізінен аталған серіктестікте пәтер сатуға рұқсат құжаттары да болмаған.
«Олар 25 азаматқа 313 миллион теңгенің пәтерін сатқан», деп мәлімдеді Бас прокуратура.
«Andora Construction» ЖШС директоры аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылды.
Аталған мемлекеттік мекеме «Nazik Group» ЖШС мен «Атамекен Тұрғын үй» кооперативінің құрылтайшысы «Family Town» және «Baisanat Residence» компаниялары директорларын дәл осындай әрекеттері үшін соттаған.
«Биыл прокурорлық қадағалау аясында 2 құрылыс салушыға 1 миллион теңге айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды», деп нақтылады мемлекеттік мекеме.
2024 жылдың мамыр айында «ISA Group» ЖШС құрылыс компаниясының инвесторлары ел президентіне төрт жылға созылған «Сұлтан», «Мұрагер» және «Аққала» тұрғын үй кешендері құрылысын аяқтауды тездетуді талап етіп, бейне үндеу жолдаған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық