Құрбандық малы қаншадан?
Жыл сайын Құрбан айт мейрамы алдында базарларда қой етінің бағасы күрт шарықтап кетеді. Осындай алыпсатарлық жұрттың наразылығын тудырып жатса да, жылда қайталанатын көрініс. Халықтың да бұған еті үйреніп қалған.
Билік пен фермерлер сатушылардан құрбандыққа шалынатын малдың бағасын көтермеуге шақырады. Бұл да жылда қайталанады...
Биыл да құрбандық малы қымбаттамайды деген уәде беріліп жатыр. Малды таңдап, сойып, етін боршалап, ішек-қарнын тазалап береміз деген жарнамада да жылдағыдай қаптап кетті.
Сонымен құрбандық малы ретінде көп таңдалатын қой мен қошқар бағасы қалай болып жатыр?
Ақмола облысында құрбандыққа сойылатын қойды 34 000 теңгеден 65 000 теңгеге дейін сатып алуға болады. Былтыр 70 мың теңгегеден басталған болатын. Тоқтының бағасы 45 000 теңгеден басталады. Қой сойып беру - 5000 теңге.
Павлодар облысында соятын малдың бағасы 50 000 теңгеден басталады. Қошқарлар 70 000 теңге шамасында.
Ақтөбе облысында 1-1,5 жасар мал ұсынатындар көбейген. Тоқтының бағасы 35 000-нан басталып, ірі қой мен қошқардың бағасы 75 000 теңгеге жетеді
Қарағанды облысында тоқты 30 000 теңгеден сатылып жатыр. Дегенмен қарағандылықтар тоқтыдан гөрі 60 000 - 70 000 теңгеге жақсы бордақыланған мал алғанды ұнатады екен. Қарағанды халқына саудагерлер етті боршалап, қапқа салып, тіпті вакум қаппен қаптап бергені үшін 6000 теңгеден басталатын қызмет ұсынады.
Түркістан облысында қой еті 60 000 теңгеден жоғары. Бір жақсысы оңтүстікте малды тегін сойып береді. Ол аз десеңіз - кейбіреулерінде тіпті халал сертификаты да бар. 45 000 теңгеге тоқты алуға болады.
Алматы облысында тоқты 35 000 теңгеден басталып, бордақы қой 70-90 мыңға дейін барады. Салмағы 11-12 келі болатын марқалар да бар. Сатушылар малдарының семіздігін емес, еті дәмді әрі экологиялық таза екенін қатты жарнамалайды. Себебі Алматы облысының халқы майы аз етті жақсы көреді екен.
Көршілермен немесе ағайындармен бірігіп бірнеше мал алсаңыз, жеткізу мен сойып беру қызметі тегін болатын да жерлер бар. Дегенмен көп жерде мал сойып беру 5000 теңге, боршалау 2000-3000 теңге, ішек-қарын тазалау 3000 мен 5000 аралығы. Әр базардың бағасында аздаған айырмашылықтар бар екені рас. Жақсы бордақыланған қой алматылықтар үшін 60 мыңнан басталады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық