Құны 339 млн болатын экс-әкім Баталовтың қызына тиесілі жер телімі тәркіленді
Фото: Pixabay
Алматы облысында бұрынғы әкім Амандық Баталовтың қызына тиесілі 339 миллион теңгенің жер телімі тәркіленді.
Алматы облысының прокуратурасы алты айда жалпы көлемі 12,5 мың гектар болатын құны 2,5 миллиард теңгелік пайдаланылмай жатқан 155 жер телімінің мемлекет меншігіне қайтарылғанын хабарлады.
Мысал ретінде, Қонаевтағы кәсіпорындардың біріне 2020 жылы су электр стансасын салуға берілген 500 гектар жерді айтуға болады. Ол жерде осы уақытқа дейін ештеңе салынбаған.
Тағы бір жағдай Іле ауданындағы алты жылдан бері пайдаланылмай тұрған 339 миллион теңге болатын учаскеге қатысты. Бұл учаске қожайыны Алматы облысының бұрынғы әкімінің қызы Сайора Баталованың «Solid Cristal» ЖШС-не тиесілі.
Жаңалықтар
- Өскеменнің экс-әкімі Жақсылық Омар апелляциялық шағым түсірді
- Үкіметте тротуармен жүретін самокатшылардың мәселесін шешу тапсырылды
- Дубайда 22 жастағы қазақстандық не үшін өмірбақи сотталып, 300 млн айыппұл арқалады?
- Жапонияда жойқын жер сілкінісі: Цунами қаупі жарияланды
- Қырғызстан президенті Шахановтың қазасына көңіл айтты
- Ақмола облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
- Алматыда көкке шығып, серуендеуге лайық әрі таптырмас 5 орын
- Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
- Үй, көлік, қомақты ақша ұсынды: Қонаевта бойжеткен зорлық көргенін айтты
- «Мектепке шабуыл жасалады»: Түркияда күдікті хабарлама жазғандардың бәрі ұсталып жатыр
- Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты жарияланды
- Қазақстанда жаңа мереке – Қазақтың тазысы мен төбеті күні пайда болды
- Space X бәсекелесі ұшырған зымыранының бірінші сатысын жерге қондырды
- Павлодарда қайтыс болған адамдарға «медициналық қызмет көрсетілген»
- ҚР ІІМ: Терроризм туралы жалған хабарламалар үшін жауапкершілік қатаң
- Яна Легкодимованы өлтіргендер тергеу изоляторынан түрмеге жөнелді
- Пайызы 12 есе жоғары: Ақтөбеде күдікті заңсыз ломбард қызметін ұйымдастырған
- Мысығын бір сағат бойы кір машинасында «жуған» әйел жазаланды
- Болгариядағы парламенттік сайлауда экс-президенттің партиясы жеңіске жетті
- Сегіз бала көз жұмды: АҚШ-та ер адам туыстарының балаларын қырып салды