Kundelik.kz компаниясының басшысы: Платформадағы деректер BilimClass-қа заңсыз ауыстырылды
Фото: Pixabay
Алматыда мектептердің Kundelik.kz платформасынан BilimClass жүйесіне жаппай көшуі қоғамда үлкен резонанс тудырып отыр. Ата-аналар мен мұғалімдер арасында алаңдаушылық күшейген тұста, бүгін Kundelik.kz компаниясының директоры Мұхтар Ілиясов арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, компания ұстанымын ашық мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Мұхтар Ілиясовтың айтуынша, сегіз жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан платформа бір күнде, ешқандай ресми ескертусіз алмастырылған.
«Kundelik.kz жүйесі Алматы мектептерінде сегіз жыл бойы қолданылып келді. Бірақ бізді бір сәтте, алдын ала хабарламай, басқа платформаға ауыстырып жіберді. Бұл шешіммен біз келіспейміз», — деді Мұхтар Ілиясов.

Компания басшысы оқу жылының ортасында жүйені ауыстыру білім беру процесіне тікелей қауіп төндіретінін атап өтті. Оның сөзінше, бұл ең алдымен оқу деректерінің тұтастығына әсер етеді. Сонымен қатар, бұл өзгеріс ұстаздарға қосымша жүктеме түсіріп, ата-аналар арасында түсінбеушілік туғызғанын айтты.
«Бірінші және екінші тоқсанның бағалары, үлгерім көрсеткіштері, сабаққа қатысу деректері бір жүйеде, ал үшінші тоқсан мүлде басқа жүйеде қалып отыр. Бұл — деректердің бұрмалануына әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда баланың мүддесі қалай қорғалатыны үлкен сұрақ. Объективті түрде алғанда, бұл мұғалімдер үшін де, ата-аналар үшін де үлкен стресс. Оқу жылының соңында "алтын белгі" тізімі, мектептер арасындағы көшу мәселелері қалай реттелетіні белгісіз», — деді компания директоры.
Kundelik.kz өкілдері платформаны ауыстыру заңды рәсімдерсіз жүзеге асқанын мәлімдеді. Компания дерегінше, Алматы қаласының білім басқармасы мен BilimClass арасында ешқандай келісімшарт немесе ресми бұйрық болмаған.
«Біз бұл көшу заңсыз болды деп есептейміз. Себебі, басқарма мен балама жүйе арасында заңды күші бар құжаттар жоқ. Тіпті меморандум да жасалмаған, ал бұйрық мүлде болмаған», — деді Мұхтар Ілиясов.
Баспасөз мәслихатында жеке деректер мәселесі де қозғалды. Компания басшысы Kundelik.kz жүйесінде жинақталған мәліметтердің басқа платформаға ата-аналар мен мұғалімдердің келісімінсіз көшірілгенін айтты.
«Біз деректердің біздің жүйеден басқа платформаға ауысқанын нақты тіркедік. Бұл — “Жеке деректер және оларды қорғау туралы” заңды тікелей бұзу. Мұнда қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған», — деп мәлімдеді ол.
Сондай-ақ, Мұхтар Ілиясов деректердің қауіпсіздігіне қатысты бұрын тараған ақпаратты жоққа шығарды.
«Желіде деректердің тарағаны туралы әңгіме анонимді Telegram-арнадан басталды. Алайда тексеру нәтижесінде деректердің сыртқа шықпағаны дәлелденді. Біз мемлекеттік серверлерде орналасқан, ұлттық қауіпсіздік талаптарына сай жүйеміз. Тексеру кезінде жүйеге бөгде аккаунт арқылы кіру әрекеттері анықталған жоқ. Таралған сілтемелер ашылмады, кей жағдайда 404 қатесі шықты немесе “қол жеткізуге тыйым салынған” деген хабарлама көрсетілді», — деді ол
Айыппұл не үшін салынды?
Егер деректер таралмаса, Kundelik.kz 750 АЕК көлеміндегі айыппұлды неге өтеді? Мұхтар Ілиясов бұл жазаның деректердің таралуымен тікелей байланысты емес екенін түсіндірді.
«Біз деректерді таратқаны үшін емес, 2016 жылғы лог-файлдарды көрсете алмағанымыз үшін айыппұл төледік. Ол кезеңдегі сервер журналдары сақталмаған, себебі біз мемлекет берген серверлерде орналасқанбыз және логтар белгілі бір уақыттан кейін автоматты түрде өшіріледі», — деді ол.
Сонымен қатар, Мұхтар Ілиясов бастапқыда кодты ресейлік «Дневник.ру» компаниясы жасағанын, бірақ барлық деректер мен өндірістік жүйенің тек Қазақстанда сақталатынын, ресейлік әзірлеушілерге қолжетімсіз екенін қысқаша түсіндірді. Оның айтуынша, Kundelik.kz деректері сегіз жылдан бері Астанада, мемлекеттік деректерді өңдеу орталығында сақталып келеді және жүйе тұрақты түрде тексерістен өтеді.
«Бізді әр 3–6 ай сайын кез келген басқа білім беру жобасынан гөрі мұқият тексереді», — деп атап өтті компания басшысы.
Kundelik.kz басшылығы бұл мәселе бойынша сот органдарына және уәкілетті мемлекеттік мекемелерге жүгінгенін хабарлады. Компания өз беделін ғана емес, ең алдымен оқушылардың құқықтары мен деректерінің қауіпсіздігін қорғауды көздейтінін атап өтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық