Құлсарыда төтенше жағдайлар қызметінің жас қызметкері қайтыс болды
Orda.kz
Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында Төтенше жағдайлар бөлімінің 23 жастағы қызметкері жедел-құтқару жұмыстары кезінде қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Алдын ала мәлімет бойынша, оны суды сору кезінде ток соққан.
«Ер адам азаматтық қорғау органдарында 2021 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде ол ірі өрттерді сөндіруге, адамдардың өмірі мен мүлкін сақтап қалуға атсалысты» деп хабарлады Атырау облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Қайтыс болған қызметкердің артында жұбайы мен ата-анасы қалды «Төтенше жағдайлар министрлігі Бейбарыс Жалғасбайұлының отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.
«Ол өз ісінің кәсіби маманы ретінде жақсы естелікпен біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Төтенше жағдайлар министрлігі қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді» делінген ведомство хабарламасында.
Ауданда су сору жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық