Құлсары қаласының тұрғындары Жылыой ауданы әкімдігінің ғимараты алдында митинг өткізді
Фото: Атырау облысы төтенше жағдай штабы
Су тасқынынан зардап шеккен Құлсары қаласының тұрғындары өтемақы талап етіп отыр. Шерушілер алдына Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Байрақбаев шықты.
Атырау облысы Төтенше жағдайларды жою штабы жағдайға жауап берді.
«Бүгінгі таңда Жылыой ауданында 2667 тұрғын үйге техникалық тексеру, 2622 тұрғын үйге бағалау жүргізілді. Барлығы үш мыңға жуық өтініш түскен. Су тасқынынан зардап шеккен 3904 тұрғынға біржолғы жәрдемақы берілді. Сондай-ақ, мүлкі бүлінген 289 кәсіпкерге залалды өтеу бойынша кеңес берілді»
Азаттық радиосының хабарлауынша, су тасқынынан зардап шеккендер алдымен Мәдениет үйінде жиналды. Кездесуді жергілікті әкімдік ұйымдастырды. Тұрғындар үйлерін қалпына келтіруге кететін шығынның орнын толтыру туралы ақпаратты білуге келген.
Мәдениет үйінде біраз уақыт күткен жұрт аудан әкімшілігі ғимаратына қарай бет алды. Олар шенеуніктердің жауабына қанағаттанбағандарын айтып, өтемақы сомасын жеке өздеріне беруді талап етті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық