Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожинаға ақпараттық шабуыл жасалды
Фото: Orda.kz/ Ислам Әден
Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина өзіне әлдекімдердің ақпараттық шабуыл жасағаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Төреғожина өзінің Facebook парақшасына әлеуметтік желіде оның суреті мен дауысы бар бейнежазбалар таралып жатқаны жайлы жазды.
«Мен құқық қорғаушы болған 25 жылдық қызметімде барлық қызметті тегін көрсеттім. Менде ешқашан көп ақша болған емес, көлігім де, саяжайым да жоқ. 40 жыл бұрынғы екі бөлмелі ескі пәтерде тұрамын. Мен темекі шекпеймін, ішімдік ішпеймін, мысығым Микеланджеломен бірге тұрамын. Арандатушылыққа ермеуіңізді сұраймын», – деп жазды Төреғожина.
Оның айтуынша, қысым Марат Жыланбаев туралы жазбасынан кейін басталған. Құқық қорғаушы құқық қорғау органдарына өзі туралы жалған ақпарат таратқандарды тауып, жазалауды сұрады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Orda тілшісі Бақытжан Төреғожина әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны туралы жазған болатын. Сот бұл істе жалған ақпарат тарату ісі бойынша 20 айлық көрсеткіш есебінде (78 640 теңге) айыппұл салды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық