Күдебаевты елге қайтару қиынға соғады – Заңгерлер
Заңгерлер елден қашқан генерал Серік Күдебаевты елге қайтару қиын болатынын мәлімдеді. Олардың айтуынша, Алматы облысы полициясының бұрынғы басшысы Қазақстанмен экстрадиция жайлы келісім жасамаған елде жасырынуы мүмкін. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.
Заңгерлердің айтуынша, экстрадициялау туралы екіжақты келісім арқылы күдіктіні ұстап, елге қайтару көп жағдайда мүмкін болмайды. Себебі келісімде қашқынды қайтару ғана емес, экстрадициядан бас тарту жөніндегі тармақтар болады екен.
- Өтініш берілгенде «екіжақты соттылық» деген принцип болады. Оған сәйкес күдіктіні ұстау жөнінде ұсыныс білдірген ел мен күдікті жасырынған елдің процессуалды құқығы тең болуы шарт, – дейді заңгер Динара Мінісова.
Мамандар алдағы уақытта Серік Күдебаевтың қашып кетуіне жол берген адамдардың барлығы жазаға тартылатынын айтып отыр. Ал генералды елге қайтару қиын шаруа болады дейді.
- Меніңше, лауазымын асыра пайдаланған тұлғалардың барлығы қылмыстық жауапқа тартылады. Себебі ешқайда шықпау туралы қолхатпен жүрген адам шекара асып отыр. Қалайша? Бүгінде экстрадициялау туралы екіжақты келісім Ұлыбританиямен, БАӘ, Израиль, Солтүстік Кипр және Косовомен жасалмаған. Демек қашқын өзін экстрадицияламайтын елде деген сөз, – деп мәлімдеді заңгер Бағдат Амандосұлы.
Еске салайық, 3 сәуірде Талдықорғанда Серік Күдебаевқа қатысты сот шешімі шығуы керек еді. Алайда генерал сот отырысына келмеді, кейін оның елден қашып кеткені белгілі болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық