Құдалық өткізуге, киіт кигізуге, марқұмға ас беруге тыйым салынады
Фото: cultural.kz
Қырғыз билігі құдалыққа, киітке, марқұмға ас беруге тыйым салмақ, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Жоғарғы кеңес мәлімдеді. Бұған дейін депутаттар марқұмның қырық күндік асы мен жыртыс таратуға тыйым салынғанын хабарлаған еді. Енді Жоғарғы Кеңес киітке, құдалыққа, тіпті, марқұмға ас беруге тыйым салмақ.
Жаңа заң жобасы бойынша, марқұм қайтыс болғаннан кейін үш күндік, жеті күндік, қырық күндік және жылдық астары берілмейді. Ал үйлену тойы да ел арасында бәсекелестік туындатқандықтан, тойдағы ысырапшылдықтың да алдын алу көзделген. Үйлену тойға бір ірі қара мал сойып, 250 адамнан аспайтын қатысушымен өткізіледі. Қыз ұзатуға бір ірі қара мал сойып, шақырылатын қонақ саны 100 адамнан аспауы шарт. Сонымен қатар той кезінде құдалық өткізуге және киіт кигізуге тыйым салынды.
Заң талаптарын бұзған азаматтарға 300 мың сом айыппұл салынуы мүмкін. Ал мейрамхана иелері 591 мың сом айыппұл төлейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық