КСРО-дан барған мигранттар АҚШ-тың өзін «голливудша» тонаған
Олар банктердегі басқа адамдардың ұяшықтарының құлыптарын бороскоп арқылы көшіріп, кілттердің көшірмелерін жасаған. Яғни, ұяшықтарды дайын кілтпен ашқан.
Бұл туралы Orda.kz ВВС-дің орыс қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
АҚШ-та украиналық және американдық қос азаматтығы бар үш адам ұсталды, олар шетелдік банктерден 30 миллион доллардың ұрлығын жасағаны үшін айыпталды.
Айыпталушылар бұрынғы КСРО-дан шыққан: 56 жастағы Вал Купер (Валерий Кононенко), 52 жастағы Алекс Левин және 49 жастағы Гарри Смит (Игорь Беркович). Олар 2015 жылдың наурызынан 2019 жылдың қазанына дейін сыбайластарымен бірге 30 миллион доллардан астам, зергерлік бұйымдар мен алтын ұрлаған. Зардап шеккен банктердің бір кейбірі Ресей, Украина, Молдова, Латвия, Өзбекстан, Әзірбайжан, Солтүстік Македония және Францияда орналасқан.

Олардың біреуі банкке барып, сейфті жалға алады, содан кейін бороскоптың көмегімен көрші камералар құлыптарының ішкі бөлігін түсіріп алады. Әрі қарай кілттердің көшірмесі жасалып, қылмыскерлер басқа адамдардың камераларын ашқан.
Айыптау актісінде бұл қарақшылық шабуылдар «Голливуд киносындағыдай» болды деп көрсетілген:
— Осы айыптау актісінде баяндалған қылмыстар голливудтық фильмдердің бір бөлігі сияқты. Ұрылар шетелдік банктердегі қауіпсіздік жүйелерін бұзу үшін күрделі құралдарды қолданып, АҚШ банктері арқылы ақшаны басқа шотқа жіберіп, іздерін жасыруға тырысты, - деген прокуратура.
Прокуратура Куперді қылмыстық топтың жетекшісі деп санайды, ол АҚШ-тағы банктік есепшоттары арқылы ұрланған заттарды заңдастырған деп болжануда. Левин фотографиялық жабдықты сатып алып, Смит сейфтерді бұзған. Күдіктілердің үйлерінен нөмірлері жоқ кілттердің көшірмелері, қолма-қол ақша, зергерлік бұйымдар, бороскоп және банк сейфінің құлпы табылған.

Прокуратура сонымен қатар Купердің 1986 жылы КСРО-да ұрлық жасағаны үшін сотталғанын және Левиннің кеңестік эмигранттар мен итальяндық мафия мүшелеріне қатысты бағалы қағаздар бойынша алаяқтық ісі бойынша екі жыл түрмеде отырғанын айтты. Ал Смит болса қарақшылық әрекетімен әлемді шарлаған.
Қылмыскерлерге 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесіліп, қылмыстық жолмен тапқан мүліктер тәркіленеді.
Жаңалықтар
- Есіл өзенінде 20 жастағы жігіт қаза тапты: Денесі әлі іздестіріліп жатыр
- Future Games: Қазақстан намысын жалғыз команда қорғайтын болды
- УЕФА мен оған мүше 55 ел ФИФА жарыстары мен Әлем чемпионатына бойкот жариялады
- Зорланғанын айтқан қыздың арызын елемеген полицейлерге сот үкімі шықты
- Bazis-A негізін қалаған Александр Беловичтің ісі бойынша Татьяна Белова түрмеге тоғытылды
- Тоқаев бірқатар судьяларды орнынан босатты
- Тоқаев Ыстықкөлдегі Орталық Азия елдері мен Әзербайжан жетекшілерінің бейресми кездесуіне қатысады
- АҚШ-та Трамптың портреті бейнеленген паспорттар беріле бастады
- Испания шекарасын бұзған мыңдаған мигрант Еуропаны дүрліктірді
- Трамп ХАМАС-тың толық қарусыздану жөніндегі «тарихи» келісім жасалғанын мәлімдеді
- Елімізде 450 мың оқушыға 23 миллиард теңге қаржылай көмек қарастырылған
- Қытайдың «мұнай жұмбағы»: Тағы да жұмсақ күш танытпақшы ма?
- Армения үкіметі отставкаға кетеді, билік қайтадан Пашинянның қолында қала ма?
- ҰҚК Оңтүстік Кореяның 14 азаматын қолға түсірді
- КҚК теңіз терминалына дрондар шабуыл жасады: Мұнай тиеу уақытша тоқтатылды
- LRT тамыздан бастап жаңа тарифке көшеді
- Павлодарда пациенттерді ұрып-соғу туралы ақпараттан кейін психикалық денсаулық орталығында тексеріс басталды
- Қамшыбек Тәшиев мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетіне қатысты апелляциялық шағым түсірді
- Таразда көңілдесі қызғаныштан әйелді тұншықтырып өлтірді
- Балқаш жағасында көлікпен қауіпті әрекет жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды