Крокустегі теракт құрбандарының саны 139 адамға жетті
Фото: ТАСС
22 наурызда Мәскеу облысындағы Crocus City Hall залында қаза тапқандар саны 139 адамға жетті.
Бұл туралы «Важные истории» хабарлайды.
Олардың 40-ы лаңкестер оғынан қаза болса, 45-і өртте қаза тапты. Қазіргі таңда тек 75 құрбанның аты-жөні анықталған.
Тергеу комитетінің мәліметінше, лаңкестер ғимаратқа 19:58-де кіріп, 20:11-де шығып кеткен, атыс небәрі 13 минутқа созылған. Артынша шабуылшылар көлікпен балалы отбасын қағып кеткен.
Тергеу комитеті күдіктілер өз кінәсін мойындап, лаңкестік әрекетті ұйымдастырғандар мен олардың сыбайластары туралы куәлік берді деп отыр.
22 наурызда Crocus City Hall-да Пикник тобының концерті басталар алдында лаңкестер адамдарды атып, кейін концерт залын өртеп жіберген. Өрт сөндірушілер қауіпсіздік күштерін күтіп тұрғандықтан, ұзақ уақыт бойы өртті сөндіруге кірісе алмады. Жүзге жуық адам ғимарат ішінде қалып, кейін шатыр арқылы эвакуацияланды. Соңғы мәліметтер бойынша, барлығы 180 адам зардап шекті, 110 адам ауруханада жатыр.
Шабуыл жасаушылардың төртеуі қашып кетіп, кейін Брянск облысында ұсталды. Олардың барлығы Тәжікстан азаматтары, деп хабарлайды Ресей құқық қорғау органдары. Жалпы ФСБ терактіге қатысы бар деген күдікпен 11 адамның ұсталғанын хабарлады.
Ресей билігі шабуылшылардың «Украина жағында тиісті байланыстары бар» екенін және лаңкестік әрекеттен кейін Ресей-Украина шекарасына қарай көлікпен қашуға әрекеттенгенін айтты. Алайда ИГИЛ-дің бір ұяшығы шабуылды өз мойнына алды, лаңкестік ұйым содырлар атынан өлім жазасына кесілген бейнежазбаны да жариялады. Владимир Путин бір күн бұрын қауіпсіздік қызметкерлері кездесуінде Крокустағы лаңкестік әрекетті радикалды исламшылар жасағанын мойындады, бірақ кейін қайтадан бәрін Украина мен «нацистерге» қарай ысырды.
ФСБ лаңкестік әрекеттің мұқият жоспарланғанын алға тартады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық