Крокус Сити Холлдағы теракт құрбандарының саны күрт өсті
Фото: РБК
Ресей денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко Крокус Сити Холлда болған теракт салдарынан зардап шеккендер саны артқанын хабарлады.
Бұл туралы шенеунік өзінің Telegam арнасында бөлісті.
«Крокус Сити Холлдағы теракт құрбандарының саны 551 адамға жетті»,- деді Мурашко.
Олардың көпшілігіне амбулаторлық көмек көрсетілгенін атап өтті.
Сондай-ақ, РФ денсаулық сақтау министрлігінің 28 наурыздағы мәліметі бойынша, 74 адам федералды мекемелер ауруханаларында, Мәскеу облысы мен Мәскеудегі ауруханаларда ем алуды жалғастыруда.
Олардың үшеуінің жағдайы өте ауыр - бұл оқтан ауыр жарақат алған, сондай-ақ оқ жарақаттары мен күйіктері бар науқастар.
«Зардап шеккен 18 адамның, оның ішінде үш баланың жағдайы ауыр, 33 адамның жағдайы орташа ауыр» деп хабарлады ведомстводан.
Алдағы күндері 20 адам ауруханадан шығуға дайындалып жатыр.
Наурыздың 27-сі күні ресейлік БАҚ теракт құрбандарының саны 360-қа жеткенін хабарлады.
27 наурыз күні болған лаңкестік әрекет құрбандарының саны 143 адамға жетті.
2024 жылдың 22 наурызында камуфляж киген адамдар Крокус Сити Холл ғимаратының бірінші қабатына кіріп, автоматтан оқ жаудырды. Шабуыл Пикник рок тобының концертіне бірнеше минут қалғанда басталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық