Криштиану Роналду Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубына ауысты
Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Al-Arabiya.
Роналду Португалия суперкубогының иегері, үш дүркін Англия чемпионы, Англия кубогының иегері, бес дүркін Чемпиондар лигасының жеңімпазы, екі дүркін УЕФА суперкубогының иегері, Еуропа чемпионы, Англия суперкубогының жеңімпазы, екі дүркін Англия лигасы кубогының иегері, Италияның екі дүркін чемпионы.
Ол «Спортинг», «Манчестер Юнайтед», «Реал Мадрид» және Туриннің «Ювентус» командаларында ойнаған.
Енді Роналду алдағы екі жыл бойы «Аль-Насрда» ойнайды, оның әр жылы үшін 200 миллион еуро алады.
Криштиану Роналдудың өзі әлеуметтік желілерде ауысатыны туралы ойын айтып өтті.
«Бұл біздің көз алдымызда болып жатқан тарих. Бұл белгі тек біздің клубты ғана емес, біздің лигамызды, ұлтты, болашақ ұрпақты өзімізді ең жақсы биіктерге көтерілуге шабыттандырады» деп жазды футбол шебері.
Катарда өткен соңғы әлем чемпионатында Роналду Португалия құрамасының сапында бір гол соқты. Оның командасы турнирдің ширек финалына дейін жетіп, Мароккодан жеңіліп қалды. Бұл ретте Криштиану бес әлем чемпионатында гол соққан жалғыз ойыншы атанды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық