Криминалды тұлғалар жастарға көсем болып кетті - Ерлан Қарин
Фото: Ашық дереккөзден
Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин жастардың тәрбиесі турала мәселені көтерді. Ол желіде ұрандатып, адамдарды соңынан ертіп жүрген қылмыстық тұлғалардың «нағыз көсемге» айналып кеткенін айтты.
Қазақстан ұлттық арнасына берген сұхбатында Ерлан Қарин бұл тақырып тек сөз жүзінде қалмай, іске айналу керектігін алға тартты.
«Мына көшедегі кешегі болған жағдайлар бізге үлкен бір ой салуы керек! Қолына қару алып, бір азаматтың екінші азаматқа осылай қару қолдануы қашан болған жағдай?! Бұл радикализмнің себебі неде? Біз осы уақытқа дейін діни радикализм деп келдік, бізде діни радикализм емес, саяси радикализм, саяси экстремизмнің де белгілері пайда болды. Бұған дер кезінде қазір тосқауыл керек.
Кешегі көшеде жағдайлардың барлығына үстемдік етіп, ұран салып, адамдарды соңынан ертіп отырған криминалды тұлғалар болды. Қай заманнан, қай кезден бастап бізде қоғамда жастарға криминалды тұлғалар көсем болып кетті? Неліктен біздің жастар Instagram мен TikTok-та сол азаматтарды еліктейтін тұлға ретінде көріп отыр?! Рас қой.
Біз осының барлығын көріп те келдік, айтып та келдік. Бірақ, енді осыны айту, жазу жеткіліксіз шығар. Біздің тарапымыздан белгілі бір қадамдар керек шығар. Біздің жастарымызға мүмкін басқа еліктейтін тұлғалар болуы керек. Біздің осылай теледидар алдында сұхбат құрып отырғанымыз қандай пайда?! Егер де, жастарымыз өздеріне жалған көсемдерді тауып алып, солардың сөздеріне еріп отыратын болса?!» деді Қарин.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық