Кредиторлар Украина қарызын 2027 жылға дейін кейінге шегереді
G7 тобы Украинаға берілген несиелер бойынша төлемдерді 2027 жылға дейін кейінге қалдыруға келісті.
Топқа мүше барлық мемлекеттердің өкілдері Украинаның мемлекеттік қарызы бойынша ортақ ұстанымға келісті. Бұл туралы Канаданың Қаржы министрлігі мәлімдеді, деп жазады Укринформ.
«Украина Кредиторлар тобының қаржылық кепілдіктер беруі кредитордың ұлттық заңнамасына сәйкес ХВҚ бағдарламасының (2023–2027) мерзімінде 2022 жылғы 1 тамыздан бастап қарызды өтеу бойынша шектеуді ұзартуды көздейді» делінген Қаржы министрлігінің хабарламасында.
Ақпаратқа сәйкес, кредитор-мемлекеттер елдегі экономикалық жағдай тұрақталғаннан кейін де Украинаның қарыз ауыртпалығын жеңілдетуге дайын. Несие берушілер тобының мүшелері басқа екіжақты кредиторларды «Украина үкіметімен қарыз шарттары бойынша бірдей қолайлы келісім жасауға» шақырды.
Осы аптада ХВҚ өкілдері мен Украина билігі штат деңгейінде ел үшін 15 миллиард доллардан астам сомаға Кеңейтілген қаржыландыру бағдарламасын (EFF) бекіту туралы келісімге келгені белгілі. Ол төрт жылға есептелген және екі кезеңді жүзеге асыруды қамтиды.
Украинаның Кредиторлар тобына Канада, Франция, Германия, Жапония, Ұлыбритания және АҚШ кіреді. Австралия, Австрия, Бельгия, Бразилия, Дания, Финляндия, Ирландия, Израиль, Италия, Корея, Нидерланды, Норвегия, Испания, Швеция және Швейцария бақылаушы мәртебесіне ие.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық