ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті Шымкентте спорт қайраткерлеріне құрмет көрсетті
Сурет: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті
Қазақстандағы Олимпиадалық қозғалыстың 30 жылдығына орай Ұлттық Олимпиада комитеті өңірлерде бірқатар шараларды жалғастыруда. Ауқымды салтанатты шара аясында Қазақстан Республикасы ҰОК делегациясы Шымкентке барды.
Шымкент Қазақстанға есімдері көпшілікке белгілі көптеген атақты спортшыларды шығарған жер. Бұл – көркем гимнастикадан бес дүркін Олимпиада чемпионы Нелли Ким, грек-рим күресінен төрт әлем кубогының жеңімпазы Бисолт Дециев, көркем гимнастикадан бірнеше дүркін Азия чемпионы Әлия Юсупова, бокстан Олимпиаданың күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков, Олимпиаданың күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл (ауыр атлетика), каратэден Олимпиаданың қола жүлдегерлері Софья Берульцева мен Дархан Асадилов, батут гимнастикасы бойынша әлем кубогының жүлдегері Пирмаммад Әлиев т.б.
Арнайы шара аясында 30 жыл ішінде Қазақстан Республикасындағы олимпиадалық қозғалыстың дамуына зор үлес қосқан ардагерлер мен спорт қайраткерлерін, көрнекті спортшылар мен жаттықтырушыларды еске алу салтанаты өтті.
Мерейтойлық медальдар мен дипломдар Азияның бірнеше дүркін чемпионы Әлия Юсуповаға, бокстан Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбековке, каратэден Олимпиаданың қола жүлдегері Дархан Асаділовке, садақ атудан ҚР құрамасының бас бапкері Григорий Кимге, бокстан әлем чемпионы Біржан Жақыповқа, атақты атқыштар Рашид Юнусметовке, Юрий Юрков пен Зоя Кравченкоға бұйырды.
ҚР ҰОК делегациясы мерейтойлық мереке аясында Қазақстанның барлық аймақтарында іс-шаралар өткізуде. Белгілі спортшылар, ардагерлер, спорт қайраткерлерінің қатысуымен салтанатты шаралар әр облыста өткізілуде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық