ҚР полицейлері қазақстандықтар басқарған трансұлттық қылмыстық топты анықтады
Фото: Pixabay
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қазақстандық қылмыстық топ өкілдеріне қатысты алғаш рет трансұлттық қылмыстық ұйым құрды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Polisia.kz мәліметінше, ІІМ трансұлттық сипаттағы халықаралық қылмыстық ұйымның қазақстандық басшыларына қатысты алғаш рет сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Тергеу нысаны – үйлестіру орталығы Қазақстан аумағында орналасқан ірі трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ.
Тергеушілер бірнеше қылмыстық істі жүргізуде. Қылмыстық қудалау шеңберіне Қазақстанда және шетелде ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған Қазақстан азаматтары тартылған. Тергеу мәліметтері бойынша, олар бірнеше елді қамтитын қылмыстық желі құрған.
Күштік құрылымдармен – ҰҚК, СГО және Бас прокуратурамен бірлесіп, тергеу тобы дәлелдемелер базасын, соның ішінде мемлекетаралық деңгейде жинақтауда. Жалпы 150-ден астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
«Құрамында трансұлттық сипат белгілері бар ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты жеті іс, сондай-ақ қылмыстық қауымдастық құру фактісі бойынша бір іс тергелуде», – деп нақтылады ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Сонымен қатар Алматы қаласы полиция департаменті ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің қылмыстық істерін тергеуде. Олар күзет қызметі түрінде әрекет еткен болып көрінгенімен, іс жүзінде бұзақылық, бопсалау және қару сақтау сияқты заңсыз әрекеттермен айналысқан. Олардың қылмыстық әрекеттері биылғы қаңтар айында ҰҚҚ қызметкерлері арқылы тоқтатылған.
«
Соңғы екі жылда ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру, басқару және қатысу фактілері бойынша қозғалған 90-нан астам қылмыстық іс аяқталып, сотқа жіберілді. 13 ОҚТ-ға қатысты сот үкімдері шықты. 130-дан астам фигурант 20 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», – деді Қуандық Алпыс.
Сондай-ақ ол Qarmet АҚ нысандарынан ұрлық жасауға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты көпэпизодты қылмыстық іс бойынша 24 адамның әртүрлі мерзімге сотталғанын, оның ішінде топ басшысы 12 жылға бас бостандығынан айырылғанын хабарлады.
ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері ұйымдасқан қылмыстық құрылымдардың басшылары мен қатысушыларына қатысты 51 қылмыстық іс қозғалған.
Алматы қаласында қару қолданып бопсалау және адамдарға шабуыл жасау қылмыстарымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ 10 маусым күні ҰҚК мен ІІМ арнайы операциясы барысында залалсыздандырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық