ҚР Қорғаныс министрлігі Украинаға әскери көмек туралы қауесетті жоққа шығарды
Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Қазақстан «Укрспецэкспорт» компаниясымен Украина қарулы күштерінің қажеттіліктері үшін ресейлік әскери өнімдерді сатып алу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Orda.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қорғаныс министрлігі 2022 жылдан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынғанын еске салды.
«Мұндай қауесеттер Қазақстан Республикасының беделін түсіруге бағытталған. Осыған байланысты азаматтар мен БАҚ өкілдерін таралып жатқан қауесеттерге емес, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз» делінген таратылған хабарламада.
Бұған дейін ресейлік БАҚ-та «Укрспецэкспорт» Украинаның қажеттіліктері үшін ресейлік қорғаныс өнеркәсібі өнімдерін сатып алу туралы Қазақстанмен келіссөздер жүргізіп жатқаны туралы ақпарат пайда болған.
Жаңалықтар
- Прокурор Жанәбіловтерге жаза мерзімін сұрады
- Павлодарда полицей әйелдің денесін өртеп жіберген
- Екі кеме Ормуз бұғазы арқылы өтуге тырысқан: Иран әскери-теңіз күштері оларды ұстады
- Талғардағы сұмдық: Өлтірілген жігіттің туыстары оқиға туралы айтып берді
- СІМ Дубайда өмір бойына сотталған 22 жастағы қазақстандықтың ісіне қатысты пікір білдірді
- Ауыл мектептерінде директорлар жетіспейді
- «Арал теңізі – дұрыс жүргізілмеген саясат салдары» — Астанада өтіп жатқан экологиялық саммитте Тоқаев не айтты?
- Мәжіліс депутаты базарларға дизайн-код енгізуді ұсынды
- 100 жыл бұрынғы қазақ қыз-келіншектерінің келбеті қандай болды?
- Қызылордада ауылдық клубтың директоры мен есепшісі 10 жыл бойы бюджет қаражатын жымқырып келген
- Астанадағы самитте Арал өңірінің экологиясы мен климаттық-экологиялық мәселелер талқыланады
- Маслихат депутаттарының билігі күшейеді
- Талғарда 20 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды: Бірден 2 қылмыстық іс қозғалды
- Қазақ поэзиясының қара нары — Мұхтар Шаханов туған топырағына жерленді
- Дәрігерге күш қолданған азамат 1,5 жылға сотталды
- «Бекіре-2026» акциясы: Атырау облысында 378 заңбұзушылық анықталып,13 қылмыстық іс қозғалды
- ІІМ автомектептерге тексеріс барысында 701 оқу тобы қызметін тоқтатты
- Рахат Тұрлыханов отбасылық жанжалға қатысты жазадан құтылды
- Көпмиллиардтық қаражатқа салынып жатқан Ертіс үстіндегі көпір тағы өртенді
- Тоқаев Израиль президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады