ҚР ІІМ: Бір шапалаққа бола балаңызды тартып алмайды
Фото: elements.envato
ҚР ІІМ орынбасары Игорь Лепёха балаға қатігездік көрсетіліп, әлеуметтік қорғауға мұқтаж болған жағдайда ғана отбасынан алынатынын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Игорь Лепёханың айтуынша, балаларына бір шапалақ салғаны үшін жанұясынан тартып алып балалар үйіне жібереді деп алаңдаудың қажеті жоқ.
«Әлеуметтік кодекстің 133-бабында балалардың арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаждығын анықтайтын себептер тікелей көрсетілген. Олар — жетімдік, ата-ананың қамқорлығынсыз қалу, қараусыз қалу және басқа да санаттар. Бұл бапта қатыгездік, әлеуметтік бейімделудің бұзылуы мен психикалық себептер де бар. Сонымен қатар, қатыгездікті бағалаудың критерийлері бекітілген бұйрық дайындалды. Мұнда баланы қатыгездікке ұшыраған деп тану үшін барлық параметрлер нақты көрсетілген», — деп түсіндірді ІІМ орынбасары.
Сонымен қатар, осы нұсқалар бойынша баланы кәсіби түрде қабылдайтын отбасыларға беру мүмкіндігі де пайда болды.
Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын «Қазақстан ата-аналар одағы» отбасыдан балаларды тартып алады деген көп ата-ананың алаңдаушылығы туралы айтқан болатын. Сол сәтте, тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға қарсы петиция пайда болды.
Жаңалықтар
- Футболдағы дау: Футболшы мен төреші матчтардан шеттетіліп, клубқа 400 АЕК айыппұл салынды
- Алматы – Қорғас тас жолындағы жантүршігерлік жол апаты: Тағы бір адам жан тапсырды
- Алматыда жер астынан шыққан өрт жұрттың зәресін алды: Полиция себебін айтты
- Пакқа қатысты үкімнен кейін кісі өлімі болған жол апаты үшін жазаны қатаңдатуды талап еткен петиция жарияланды
- «Желілік» жалған психологтар мен коучтар халықты арбай алмайды — Сенат заңды мақұлдады
- 1414 кодын айтқан ақтөбелік 4,5 млн теңгесінен айырылды
- Тоқаев: Журналистер қауымы жаңа Ата заңымыздың тең авторларының бірі
- Павлодар облысында «Қазавиақұтқару» тікұшағы апат жағдайында қонды
- Ербаян Мұхтардың өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды
- Заңсыз мұнай өңдеу зауыты: Шекарадағы жер асты жолы арқылы 37 миллиард теңгенің контрабандасы шетел асқан
- Мұхтар Ербаянның жаназасы ертең шығарылады
- БАҚ: Нұрлан Сабуров Ресейдегі көлігін 10 миллион рубльге сатты
- Венесуэла жағалауында магнитудасы 7,1-ге тең жойқын жер сілкінісі болды
- Қазақстанда электрмобиль нөмірлері жасыл болуы мүмкін
- Атырау облысында 90 жастағы қарияны баласы ұрып-соғып, қамап ұстаған
- +50°C дейінгі ыстық пен қуаңшылық: Шілдеде Қазақстанның көп бөлігінде аптап ыстық болады
- Тоқаев төрт жаңа заңға қол қойды
- «40 адамның қызметін енді компьютер атқарады»: Алматы метросында мамандар жұмысынан айырылуы мүмкін
- Журналистер одағы 2026 жылға арналған сыйлық пен марапат лауреаттарын жариялады
- Шілде айынан бастап Қазақстанда әскерге шақыру цифрландырылады