ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызмет тарифтердің көтерілетінін хабарлады
Фото: Ашық ақпарат көздерінен
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтерге тарифтердің көтерілгенін мәлімдейді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
«Қабылданған шешімдерге сәйкес 2024 жылдың 1 маусымынан бастап жүкті әйелдерге және босанатын әйелдерге, сондай-ақ стационарлық жағдайда балаларға шұғыл медициналық көмек көрсететін ұйымдар тарифтері көтеріледі» делінген хабарламада.
Денсаулық сақтау министрлігінде айтылғандай, тарифтердің көтерілуі азаматтардың медициналық көмек алуға өз қалтасынан шығатын шығындарын азайтуға, сондай-ақ медициналық ұйымдарға соңғы жылдары жинақталған инфляциялық шығындарды өтеуге және денсаулық сақтау саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тиімсіз тарифтерін қайта есептеді. Басты мақсат – медициналық ұйымдарға түсетін қаржылық жүктемені азайту және барлық азаматтарға жоғары сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету. Сақтандыру активтерінен қосымша бөлінген қаражаттың жалпы сомасы денсаулық сақтау жүйесінің тиімсіз шығындарын оңтайландыру нәтижесінде босатылды және ол 20 млрд теңге болады» деп толықтырды министрлік.
Құрсақ қуысы хирургиясы, инфекция, неврология, гастроэнтерология, кардиология, травматология-ортопедия, нефрология, эндокринология, онкогематология сияқты басқа да бірқатар салалар бойынша тарифтерді кезең-кезеңімен көтеру жоспарлануда. Бұл мемлекет медициналық ұйымдарға медициналық қызмет көрсетуге байланысты шығындарды кезең-кезеңімен өтейтінін білдіреді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық