ҚР АШМ 2030 жылға дейінгі ауыл шаруашылығы саласын дамытудың негізгі бағыттарын белгіледі
Суармалы жер көлемі ұлғайып, несие көлемі артады. ҚР АШМ 2030 жылға дейінгі ауыл шаруашылығы саласын дамытудың негізгі бағыттарын белгіледі.
Қазақстан фермерлерінің республикалық қауымдастығында агроөнеркәсіп кешенін 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы талқыланды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров құжаттың бірнеше негізгі бағыттарын атап өтті:
· фермерлер өсімдік шаруашылығында жоғары рентабельді дақылдарға көшіп, ылғалды көп ұстайтындарын азайтады;
· министрлік су үнемдеу технологиялары қолданылатын суармалы жерлердің ауданын жылына 150 мың гектарға дейін ұлғайтады;
· жем-шөп жинайтын техника мен жылжымалы суару жүйелерін қаржыландыруға 20 млрд теңге бөлінеді;
Ауыл шаруашылығы министрлігі тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібін дамытудың жеке Кешенді жоспарын әзірлейтін болады. Оның аясында жаңа өңдеу орындары құрылады.
Баяндамада жалпы алғанда «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке берудің жылдық көлемі 170 млрд теңгеден астам екені атап өтілген.
Айдарбек Сапаров Қазақстан фермерлері қауымдастығының ауыл шаруашылығы саласындағы ірі қоғамдық бірлестіктердің бірі екенін баса айтты. Ол 60 мыңнан астам шағын, орта және ірі тауар өндірушілердің мүддесін білдіреді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық