«Көзі жабылмай, жасы тыйылмай қалған»: Сәтсіз блефаропластикаға қатысты үкім шықты
Коллаж Orda.kz
Ақтөбе қаласының соты сәтсіз блефаропластика үшін фельдшерге қарсы шағым түсірген азаматшаның ісін қарауды аяқтады, деп хабарлады Orda.kz.
2023 жылғы 4 тамызда Instagram әлеуметтік желісіндегі жарнамаға қызыққан әйел жауапкердің пәтерде өткізген операциясына жүгінді. Бірақ әйелдің ота жасаған қабағы асқынып кетті.
Бірінші отадан кейін көздердің ассиметриясы байқалды. Сондықтан қайтадан ота жасатуға тура келді. Алайда екінші отадан соң әйелдің қабақ тұсы тіпті асқынып кетті. Көз терісін тым терең кесіп, төменгі кірпіктерді жарақаттаған соң қан аққан. Қан тоқтатылып, жара жабылғанымен, салдары ауыр болды.
Әйел офтальмологтарға және пластикалық хирургтерге жүгінуге мәжбүр болды. Конъюнктивит, ауырсыну және үнемі көз жасы ағуынан зардап шекті. Көздері толық жабылмай, бет-әлпеті үнемі ісініп, түрі өзгерді. Жұмысынан кетуге мәжбүр болды және емделу мен қалпына келтіру үшін қосымша шығынға ұшырады.
Сот жауапкердің пластикалық операцияларды жүргізуге лицензиясы емес, тек сертификаты бар фельдшер екенін анықтады. Сот шешімі бойынша жауапкер азаматшаға 235 мың теңге материалдық шығын және 1 миллион теңге моральдық зиян ретінде өтемақы төлеуге міндеттеді. Сот шешімі заңды күшіне енді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық